22.04.2010, 16:24 3933

Бүгін Жер күні атап өтілуде

Бүгін Жер күні атап өтілуде

Алматы. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Жер күні (Earth Day) атап өтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұл мерекені 1970 жылы АҚШ-тың Висконсин штатының сенаторы Г. Нельсон негізін қалаған, содан бері ол көптеген елдерде атап өтіледі. Солтүстік жарты шарда Жер күні көктемде, ал оңтүстік жарты шарда - күзде аталады.

Осынау бүкіләлемдік науқанның басты мақсаты - жер бетіндегі әрбір адам мен қоғамдастық назарын Жердегі проблемаларға, қоршаған ортаны қорғау проблемасына аудару.

Жердің жасы шамамен 4,5 миллиардқа тең деп есептелуде. Егер сіз экватормен Жерді айгалып өтуге ниеттенсеңіз, онда шамамен 40 010 шақырым жерді жүріп өтуіңіз керек. Жердің бетінен орталығына дейін 6378 шақырымға тең. Бұл ретте қатты жыныстар (литосфера) бар-жоғы 70 шақырымдық қабатты құрайды. Ал одан әрі тереңдей түскенде, жартылай сұйық және сұйықтықтар байқалатын болады.

Біз тұрып жатқан Жер минералдарға аса бай, ғалымдар қазір шамамен 4000 түрлі минералды жіктеп отыр, олардың шамамен 200-ге жуығы қолданыста. Жыл сайын 50 - 100 түрлі минералдар ашылуда. Жердің бір ғана табиғи серігі бар, ол - Ай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны