20.07.2018, 19:24 5751

Бүгінгі таӊда елімізде 2 трлн. теӊге жалақы төлеу қоры бар ведомстволық бағынышты ұйымдарда 1,5 млн. адам жұмыс істеуде

Алик Шпекбаевтыӊ төрағалығымен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде ағымдағы жылдыӊ бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы туралы кеӊейтілген алқа отырысы өтті.

Астана. 20 шілде. Kazakhstan Today - Алик Шпекбаевтыӊ төрағалығымен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде ағымдағы жылдыӊ бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы туралы кеӊейтілген алқа отырысы өтті.

Алқа отырысында Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметшілерге жалақы төлеудіӊ жаӊа жүйесініӊ пилоттық сынақтамасыныӊ оӊ нәтижелеріне тоқталды.

"Біз бұл бағыттыӊ жүзеге асырылуыныӊ белсенді фазасына өттік. Қазірдіӊ өзінде аралық нәтижелері кадрлық тұрақтылық пен бәсекеніӊ артқандығын көрсетуде", - деп атады.

Мысалы, Агенттік, Астана қаласы мен Маӊғыстау облысы әкімдіктерінде кадрларлыӊ жұмыстан кетуі 2 есеге азайып, бір бос лауазымға конкурс 3 есеге артса, Иділет министрлігінде ауысымдылық еӊ төмен көрсеткішке ие болып, шетелдік білімі бар қызметкерлердіӊ жұмысқа қабылдануы 2 есеге өскен.

Қызметшілердіӊ бәсекеге қабілеттілігін одан әрі қамтамасыз етіп, сондай-ақ адам ресурстарын басқаруды жетілдіру үшін кадрлық іс жүргізу бойынша жалпы қызмет көрсету Орталығын енгізу жобасы жүзеге асырылуда.

Қазір Агенттікте 147 кадр бірлігі қысқарған, соныӊ есебінен 432 млн. теӊгеден жоғары қаржы үнемдеуге болады.

Келесі қадам - мемлекеттік сатып алулар мен заӊгерлік қызметті орталықтандыру.

Мемлекеттік органныӊ басшысы үнемделген қаржыны қызметкерлерініӊ жалақысына үстемақы ретінде қосып төлеп, адал әрі нәтижелі еӊбек етуге ынталандыруға толық құқы бар.

Бүгінгі таӊда елімізде 2 трлн. теӊге жалақы төлеу қоры бар ведомстволық бағынышты ұйымдарда 1,5 млн. адам жұмыс істеуде. Үкіметте оларды оӊтайландыру және топтастыру мәселесі көтерілуде

Алик Шпекбаевтыӊ сөзінше, әкімшілік шығындарды, сонымен қатар ведомстволық бағынышты ұйымдардыӊ қызметі мен құрылымдарын оӊтайландыру сұрақтары қарастырылуда.

Басшылар міндетті түрде босатылған қызметкерлерін оқытып әрі жұмыспен қамтуға міндетті болады.

Бұл қабылданған шаралар ішкі резервтермен бірге факторлы-балдық шәкіл негізінде кезеӊ-кезеӊімен жалақы төлеудіӊ жаӊа жүйесіне өтуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметтіӊ тартымдылығын арттыру мәселелерінде де айтарлықтай алға қозғалыс байқалады.

Осы мақсатта ЭЫДҰ елдері сияқты бәсекеге қабілетті еӊбекақы төлеуден басқа, Агенттік мемлекеттік қызметкерлердіӊ әлеуметтік жағдайын жетілдіру мәселесін шешуге бастама көтеріп отыр.

Олардыӊ арасында жеӊілдікпен тұрғын үйлер мен зейнетақы жүйесін енгізу, денсаулықтарын қалпына келтіру үшін жағдай жасау, сондай-ақ қызметкерлердіӊ балаларына балабақшалардан орын ұсыну мен орталықтандырылған медициналық қызметтер алуды ұйымдастыру бар.

Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметтегі бәсекелестік туралы айта келе, қызметшілердіӊ моральдық бейнесіне қойылатын талаптарға тоқталды.

"Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілердіӊ әдебін сақтауында Идеп жөніндегі кеӊестер мен уәкілдер негізгі рөл атқаруда. Олардыӊ қызметі толығымен әдеп талаптары бұзылуыныӊ алдын алу, мемлекеттік қызметшілердіӊ құқықтары мен мүдделерін қорғау және оӊ моральдық-псиxологиялық орта қалыптастыруға бағытталған.

Идеп жөніндегі уәкіл институты өзініӊ қабілеттілігін көрсетті. Оған соӊғы екі жылда оларға келіп түскен өтініштердіӊ он еседен артқандығы дәлел. 2018 жылдыӊ 1 жартыжылдығында 6491 өтініш түскен. Өтініштер саныныӊ артуына байланысты былтырғы жылдыӊ есепті кезеӊімен салыстырғанда тексерулер саны 40% артқан. Бұл тұрғындар тарапынан Агенттікке деген сенім мен мемлекеттік қызмктшілердіӊ бейәдеп қылықтары туралы xабарлауға дайын азаматтар мөлшерініӊ артқандығына дәлел", - деп Агенттік басшысы атап өтті.

Алқа отырысына Агенттік басшылығы мен қызметшілері, бейнеконференц байланысы арқылы оныӊ аумақтық бөлімшелері, Агенттік ведомстволары - ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару акалемиясы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро мен мемлекеттік қызметтіӊ персоналды басқару ұлттық орталығы, Арнайы мониторингтік тобы мен мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеӊес мүшелері қатысты.

МҚІСЖҚА баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны