23.06.2006, 17:53 3286

Бұқаралық ақпарат құралдарының бірқатар журналистері президентінің сыйлықтары мен гранттарына ие болды

АСТАНА. 23-маусым. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысының өкіміне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарының бірқатар журналистері мен қызметкерлері жемісті шығармашылық жұмысы үшін Қазақстан Республикасы президентінің сыйлықтары мен гранттарына ие болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы президентінің сыйлықтары:
Александр Аксютицке және Бейсен Құранбекке – «Хабар» агенттігі» АҚ ақпараттық бағдарламалар дирекциясының тілшілеріне – елдегі экономикалық, әлеуметтік, саяси реформалар барысын жоғары кәсіптік деңгейде көрсеткені, Қазақстан өңірлері туралы репортаждар мен деректі фильмдер топтамасы үшін;
Жұмабек Кенжалинге – «Қазақ газеттері» ЖАҚ президентіне және Сұлтан Оразалинге – публицистке – қазақстандық журналистика мен ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан зор үлесі үшін берілді.

Қазақстан Республикасы президентінің гранттары:
Көлбай Адырбекұлына – «Түркістан» халықаралық саяси апталығының тілшісіне – ұлттық тарихтың көрнекті қайраткерлеріне арналған, «Казахское дело» айдарымен жарияланған мақалалар топтамасы үшін;
Рәзиға Ишееваға – «Алтын орда» республикалық апталығының Астанадағы меншікті тілшісіне – Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметін белсенді көрсеткені үшін;
Қызылорда облысының «Сыр бойы» газетінің шығармашылық ұжымына - өңірде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысын терең әрі жан-жақты көрсеткені үшін;
«Эксклюзив» шолу-талдау журналының шығармашылық ұжымына – Қазақстанның жағымды инвестициялық имиджін нығайтуға қосқан үлесі, мемлекеттік экономикалық саясатты белсенді көрсеткені үшін;
«ЭРА телекомпаниясы» ЖШС шығармашылық ұжымына – «Жаңалықтар», «Открытый разговор», «Жылы жүздесу» жобалары және елорданың ақпараттық кеңістігін дамытуға қосқан үлесі үшін тапсырылды.

Қазақстан Республикасы президентінің Алғысы:

Юрий Кириницияновқа – «Весь мир» газетінің шығарушысына – Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының кірігуі мен даму үдерістерін белсенді көрсеткені үшін;
Бейбіт Құсанбековке – «Хабар» агенттігі» АҚ публицистикалық бағдарламалар редакциясының бас редакторына – «Бірінші банкир» деректі фильмі үшін;
«Тандем» телерадиокомпаниясының шығармашылық ұжымына (Ақтөбе, Ақтау, Атырау қалалары) - өңірлік радиожурналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін;
Алма Үмбеттегіне – «Ұлан» республикалық балалар-жасөспірімдер газетінің бөлім меңгерушісіне – балалар мен жастарды патриоттық, рухани-адамгершілік тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін жарияланды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны