20.11.2017, 18:14 4353

Бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері Зеренді ауданыныӊ киелі орындарымен танысу үшін баспасөз турына барды

Ақмола облыстық Өӊірлік бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері Зеренді ауданыныӊ киелі орындарымен танысу үшін баспасөз турына барды, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Көкшетау. 20 қараша. Kazakhstan Today - Ақмола облыстық Өӊірлік бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері Зеренді ауданыныӊ киелі орындарымен танысу үшін баспасөз турына барды, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Баспасөз турыныӊ бірінші аялдамасы - Уәли хан мазары Зеренді ауданыныӊ Қазақстан ауылынан 2-3 шақырымдай жерде орналасқан. Мазарды 2008 жылы Уәли ханныӊ 270 жылдық мерей тойына арнайы тұрғызған.

Ақкөл ауылдық округініӊ әкімі Бақыт Ысқақов: "Бүгінгі күнге дейін Уәли ханныӊ мазарына Германиядан, Ресейден адамдар келді. Мұныӊ бәрі Елбасыныӊ "Рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласында атап көрсетілген мақсаттардыӊ аясында жүргізілуде. Меніӊ ойымша, бұл біздіӊ ауылдыӊ ғана емес, республикалық деӊгейдегі қасиетті орын", - дейді.

Сонымен қатар, "Азия АгроХим" ЖШС-ныӊ директоры Борис Козловтыӊ демеушілігініӊ арқасында мазардыӊ маӊына қоршаулар орнатып, жолдар төселіп, келушілерге арналған орындықтар қойылғандығын да атады.

Б.Козлов: "Бұл жерде әлі көп жұмыстар жүргізіледі. Көшеттер отырғызып, жолды жөндейміз, шырақшы қоюды жоспарлап отырмыз. Мазарда жүргізілетін жұмыстардыӊ бәрі Уәли ханныӊ ұрпақтарымен келісіліп бірақ жасалады", - дейді.

Көкшетау өӊірінде ауыл шаруашылығымен айналыса бастаған Б.Козлов Алматы қаласынан. Ол шарушылықпен айналысатын жерінде мазардыӊ барынан өзін бақытты жан санайтынын айтты.

Келесі аялдама болған - Қосағалы батыр мазары. Қарауыл Қосағалы батыр Орта жүздіӊ ханы Уәлидіӊ тұсында өмір сүрген. Оныӊ зираты Зеренді ауданыныӊ Азат тауында жатыр. Бүгінгі таӊда батырдыӊ басында мазар көтеру жұмыстары әлі де жүргізілуде. Сондай-ақ, аталған киелі нысан Ақмола облысыныӊ қорғалатын тарихи-мәдени ескерткіштер тізіміне енгізілген.

Қосағалы Төлекұлыныӊ сегізінші ұрпақтары Марат Оспанов пен Сағынтай Шәймерденовтыӊ айтулары бойынша, батырдыӊ бойы 276 см болған және оны кез-келген ат көтере алмаған, өзініӊ тұлпары болған. Сондай-ақ, Ресейге елшілікке барғанында Екатерина ІІ патшайым алтынмен апталған шапан жауып, "князь" атағын берген. Қазіргі уақытта батырдыӊ атымен жер-су атаулары да кездесуде.

Айдарлы ауылындағы Алабас-бүркіт мүсіні - БАҚ өкілдерініӊ үшінші тоқтаған жері болды.

Дүйсен бидіӊ анасы қаз дауысты Қазыбек бидіӊ қарындасы екен. 16 жасқа дейін Дүйсен би нағашысыныӊ қасында өскен, бойына оныӊ дарыны дарыған.

Шешендігімен қатар аӊшылық, саятшылыққа шығып, домбырамен ән салса керек. Алабас бүркітімен қиналып отырған елдерге көмек жасаған.

Дүйсен биден тоғыз ұрпақ тараған. Соныӊ еӊ кішісі Кенжебай ұрпағынан тараған Күләш Рахымжанованыӊ айтуынша, жалпы Зеренді ауданы Дүйсен бабадан тараған. Сондай-ақ, бидіӊ ұрпақтары 2012 жылы 30 киіз үй құрып, ас берген. Сол кезде алабас бүркітке арнап ескерткіш қойған.

Негізінде, Дүйсен би Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген. Алдағы уақытта ұрпақтары Айдарлы ауылындағы мектепке оныӊ есімін беріп, жақсы бір ескерткіш қоюды жоспарлап отыр.

Баспасөз турыныӊ соӊғы аялдамасы - Бөгенбай би ауылы. Бөгенбай Құттықадамұлы - 1761 жылы Зеренді ауданыныӊ Лосевка жерінде өмірге келген. Абылай ханды көзі көрген, Кенесары ханныӊ тұсында талай ұрыс-тартыстарда, ел арасындағы шешілуі қиын түйіндерді шеше білген би, жаужүрек батыр болған. Бөгенбай биден тараған ұрпақтар бүгінде Айдабол, Бөгенбай, Сандықтау жерлерін қоныстанған белді азаматтар.

2003 жылы халық Лосевка ауылына тарихи атауын беруді өтініп, мәслихат сессиясында қаралғаннан кейін 2007 жылы толықтай Бөгенбай би ауылы болып өзгертілген.

Бөгенбай бидіӊ шөбересі 86 жастағы Сабырбек Хамзаұлы мазарды көкшетаулық Төлеген мен Бекзат есімді азаматтардыӊ тұрғызғандығын атады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны