26.10.2009, 18:06 3051

Бүкіл Қазақстан халқы мен оның әрбір этносының тағдыры үшін ең алдымен Қазақстан Халқы ассамблеясының мүшелері жауап беруге тиіс - президент

Бүкіл Қазақстан халқы мен оның әрбір этносының тағдыры үшін ең алдымен Қазақстан Халқы ассамблеясының мүшелері жауап беруге тиіс - президент

Астана. 26 қазан. Kazakhstan Today - Бүкіл Қазақстан халқы мен оның әрбір этносының тағдыры үшін ең алдымен Қазақстан Халқы ассамблеясының мүшелері жауап беруге тиіс. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы 15-ші сессиясының ашылуында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Халқымыздың татулығы мен бірлігі - еліміздің өркендеп, алға басуының басты шарты. Осы байлығымызды қадірлей білу, оны жас ұрпақтың жүрегіне ұялату - отанымыздың жарқын болашағының кепілі болмақ",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Бүкіл Қазақстан халқы мен оның әрбір этносының тағдыры үшін ең алдымен Ассамблея мүшелері, мына сіздер, жауап беруге тиіссіздер дер едім. Сіздер бірлігі жарасқан Қазақстанның абыройы мен беделінің, ғасырлар бойы қалыптасқан жарасымды салт-дәстүрлерінің жанды айғағысыздар",- деген пікірде Елбасы.

"Береке басы - бірлік", дейді қазақ. Ал, береке-бірлігі жарасқан елдің туы биік, болашағы жарқын болатынын тарихтың өзі дәлелдеп отыр.Біз дүниежүзі бір-бірімен етене араласып, біте қайнасқан кезеңде өмір сүрудеміз. Илемді шарпыған дағдарыс әлі аяқталған жоқ. Жаһандық сипатқа ие болған қиындықтар қайта айналып соғуы мүмкін. Сондықтан, ең қастерлі қазынамызды - тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, мемлекеттігімізді нығайта беру үшін бізге ең әуелі бірлік керек. Олай болса, қашанда еңселеріңіз биік, татулығымыз баянды болып, ел келешегі жолындағы еңбектеріңіз еселене берсін,- деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны