16.07.2018, 13:58 4906

Бурабай аспаныныӊ астында "Біржан - Сара" операсы қойылды

14 шілде күні Бурабай аспаныныӊ астында қазақ опера өнерініӊ інжу-маржаны - М.Төлебаевтыӊ "Біржан - Сара" қойылымы көрермен назарына ұсынылды.

Астана. 16 шілде. Kazakhstan Today - 14 шілде күні Бурабай аспаныныӊ астында қазақ опера өнерініӊ інжу-маржаны - М.Төлебаевтыӊ "Біржан - Сара" қойылымы көрермен назарына ұсынылды. Жауһар туындыныӊ жаӊа музыкалық-сахналық редакциядағы тұсаукесері осы жылдыӊ көктемінде "Астана Опера" сахнасында орын алып, орасан зор жетістікке ие болған еді. Жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ қолдауымен Елорданыӊ 20 жылдық мерейтойы аясында жүзеге асуда.

"Біржан - Сара" қазақ опера өнерініӊ төлтума жауһары болып табылады. Қойылымға барынша нақтылық беріп, қазақ жерініӊ бай табиғатын көрсету үшін спектакльді сұлу өлке - Бурабайда қоюға шешім қабылданды.

Қойылым тобыныӊ бүгінгі таӊдағы бірегей шешімдері мен спектакльдіӊ сценографиялық айшықтарын қоса алғандағы барша драматургия толықтай сақталды. Дегенмен, театрдыӊ қыр-сыры жағдайға байланысты болмақ, қойылымдарды ашық аспан астында өткізу тәжірибесі жаӊа мүмкіндіктерге жол ашпақ: партитурада жазылғандай, Біржан өз ариясын алыстан шырқады, орманныӊ акустикасы әнге ерекше айқын реӊк берді, тіпті табиғаттыӊ өзі декорацияныӊ бір бөлігі іспеттес. Бұл көрермендеріміздіӊ театр сахнасында бұрқырап ағып, баршаны тамсандырған сарқыраманы не болмаса көздіӊ жауын алар жәрмеӊкені көре алмайды деген сөз емес, бәрі де болады! Бірақ, еӊ бастысы - керемет музыка, солистердіӊ тамаша дауыстары мен оркестрдіӊ үйлесімді дыбысталуы тыӊдарманға ұмытылмас ерекше әсер сыйлады.

Спектакльдіӊ тұжырымдамасы барлық кейіпкерлер бейнелерініӊ біржақты баяндалуыныӊ жоқтығымен сипатталады. Көрермен қауымға Біржан мен Сараныӊ бұл дүниеде орын алуы жазбаған махаббат оқиғасы ұсынылды. Дәстүр бойынша, опера басты қаһарманныӊ қазасымен аяқталады, алайда қоюшылар үміт отын сөндірмейді, яғни құрбандыққа шалынған махаббаттыӊ бекер болмағанын көрерменніӊ түсінгенін қалайды. Біржан мен Сараныӊ оқиғасы мыӊдаған ұрпақтыӊ бірігуіне мүмкіндік беріп, халықтыӊ жадында махаббаттыӊ ұлы құдіреті жайлы естелік болып мәӊгілікке қалмақ.

Басты партияларды орындаушылар: Біржан - көптеген халықаралық байқаулардыӊ лауреаты Мейір Байнеш, Сара - Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтыӊ лауреаты Майра Мұхамедқызы, Жанбота - Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Жанат Шыбықбаев, Аналық - Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Дина Хамзина, Алтынай - Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Салтанат Ахметова, Жиенқұл - көптеген халықаралық байқаулардыӊ лауреаты Талғат Ғалеев, Қожағұл - Шыӊғыс Расылхан, Серік - Рамзат Балакишиев, Естай - Бейімбет Таӊарықов.

Қоюшы дирижер - Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері А.Мұхитдинов, қоюшы режиссер - PhD докторы, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері А.Маемиров, кеӊесші режиссер - Беларусь Үлкен театрыныӊ бас режиссері, Г.Тукай атындағы Татарстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығыныӊ лауреаты М.Панджавидзе, режиссер -Н.Кагадий, балетмейстерлер - Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері А.Тәти, М.Авахри, қоюшы режиссердіӊ ассистенті - Е.Тойкенов. Қоюшы суретшілер мен сценографтар - С.Тамсағамбетова мен П.Драгунов. Бас хормейстер - Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Е.Дәуітов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны