22.08.2018, 19:40 3505

Бурабай өлкесiнде "Өлке тарихы - Ел тарихы" тақырыбында көшпелi фотосурет көрмесi ұйымдастырылды

Жылжымалы көрмеге ауданныӊ белгiлi азаматтарымен қатар қала тұрғындары, арнайы шақырылған қонақтар қатысқан. Сонымен қатар, жалпы саны екі жүзден аса адам тарихи суреттерді тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

Көкшетау. 22 тамыз. Kazakhstan Today - Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасыныӊ ұйымдастыруымен Бурабай өлкесiнде "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ аясында "Өлке тарихы - Ел тарихы" тақырыбында көшпелi фотосурет көрмесi ұйымдастырылды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл iс-шараныӊ жастарды патриотизмге тәрбиелеуде берер тағылымы өте мол. Аталған көшпелi фотосурет көрмесiнiӊ ерекшелiгi - 17 аудан мен 2 қаланыӊ тарихынан сыр шертіп, өӊірдіӊ әрбiр ауданы мен ауылына дейiн жететіндігі. Сондай-ақ, Бурабай жерiндегi ата-бабалар мен танымал, тарихи тұлғалардыӊ өткен өмiрiнен, тұрмыс-тiршiлiгiнен мәлiмет береді. Тарих қойнауына қарай жетелейтiн бұл фотосуреттер өз құндылықтарымен ерекшеленедi.

Жылжымалы көрмеге ауданныӊ белгiлi азаматтарымен қатар қала тұрғындары, арнайы шақырылған қонақтар қатысқан. Сонымен қатар, жалпы саны екі жүзден аса адам тарихи суреттерді тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны