30.10.2017, 11:38 5159

Бурабайда "Octoberfest Burabay" сыра фестивалі өтті

Осыған дейін Бурабай баурайында "Four Seasons" имидждік жобасы аясында бақшашылардыӊ "Табиғаттыӊ сыйы", асыл тұқымды аӊшы иттер мен төбеттердіӊ "Қансонар" фестивалі өтіп, туристердіӊ қызығушылығын арттырған болатын. Алда аӊшы құстар мен ертегілер фестивалін өткізу жоспарланып отыр.

Көкшетау. 30 қазан. Kazakhstan Today - Бурабайда "Four seasons" жобасы шеӊберінде "Octoberfest Burabay" сыра фестивалі өтті.

Маусымнан тыс уақытта туристерді өӊірге барынша тарту мақсатында ұйымдастырылып отырған шараға Ақмола облысы әкімініӊ орынбасары Асхат Қайнарбеков, облыстық туризм басқармасыныӊ басшысы Шынарбек Бүркітбаев, сондай-ақ, өӊірдегі 16 қонақ үй өкілдері қатысты. Сондай-ақ, фестивальге Қазақстандағы Польша елшілігініӊ өкілдері де келді.

"Ақмола облысы өзініӊ табиғи-климаттық жағдайымен, курортты әлеуетімен, сауықтыру орындармен дүниежүзіне танымал. Осы күні облысымыз отандық туристерге ғана емес, шетелдік қонақтарға жоғары сапалы туристік қызмет көрсете алады. Маусымнан тыс уақытта туристерді өӊірге көптеп тарту мақсатында ұйымдастырылған шарада ересектер мен балаларға түрлі көӊіл көтеру шаралары қарастырылған. Танымал диджей және эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді", - деді облыстық туризм басқармасыныӊ басшысы Шынарбек Бүркітбаев.

Еске сала кетейік, ұйымдастырушылар шараға 1000 жуық адам қатысады деп жоспарлаған болатын. Осы күн туристер үшін Бурабайдағы қонақ үйлер 50 пайыз жеӊілдіктер ұсынды.

Осыған дейін Бурабай баурайында "Four Seasons" имидждік жобасы аясында бақшашылардыӊ "Табиғаттыӊ сыйы", асыл тұқымды аӊшы иттер мен төбеттердіӊ "Қансонар" фестивалі өтіп, туристердіӊ қызығушылығын арттырған болатын. Алда аӊшы құстар мен ертегілер фестивалін өткізу жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны