10.07.2018, 18:43 4632

"Burabaу Summer Fest" фестивалінде ақмолалықтар жүлдегерлер қатарынан табылды

Ағымдағы жылдыӊ 3 шілдесінде Астана қаласындағы "Қазақстан" концерт залында "Burabaу Summer Fest" І халықаралық телевизиялық фестивалініӊ гала-концерті өтті.

Астана. 10 шілде. Kazakhstan Today - "Burabaу Summer Fest" фестивалінде ақмолалықтар жүлдегерлер қатарынан табылды.

Ақмола облысыныӊ орталығы Көкшетау қаласында Мәдениет және спорт министрлігініӊ ұйымдастыруымен мамыр айында "Burabaу Summer Fest" І халықаралық телевизиялық фестивалініӊ іріктеу кезеӊі өткен болатын, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

176 қатысушыдан Ерейментау, Есіл, Зеренді аудандарынан, Астана қаласыныӊ дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан және Біржан сал атындағы музыкалық колледжінен 18 бала іріктеліп алынған.

Ағымдағы жылдыӊ 3 шілдесінде Астана қаласындағы "Қазақстан" концерт залында "Burabaу Summer Fest" І халықаралық телевизиялық фестивалініӊ гала-концерті өтті.

Жарқыраған орындауыныӊ нәтижесінде Зеренді ауданынан Аида Ибілқасым және Ерейментау ауданынан Бейбарыс Айтмұғамбетов 3 орын иегерлері атанды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны