14.08.2019, 00:05 12305

"Burabay forum: Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы" жас ғалымдар ІІІ форумы өтті

Форумның күн тәртібінде жас ғалымдардың ғылым мен білім саласындағы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық салаларында белсенді қатысуын қамтамасыз етуге байланысты өзекті мәселелер қаралды.

Нұр-Сұлтан.14 тамыз. Kazakhstan Today - Назарбаев Орталығында "Burabay forum: Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы" жас ғалымдар ІІІ форумының ашылуы өтті. Жастар жылына арналған іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Қоры ұйымдастырды.

Үш күндік форум Қазақстан Республикасы және ТМД елдерінің оқу мекемелері арасындағы байланыстарды кеңейтуге тамаша мүмкіндік береді.

Форумның күн тәртібінде жас ғалымдардың ғылым мен білім саласындағы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық салаларында белсенді қатысуын қамтамасыз етуге байланысты өзекті мәселелер қаралды.

Оның қатысушылары трансшекаралық ынтымақтастық мәселелерімен айналысатын отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми-теориялық және практикалық тәжірибесін жүйелендіруге назар аударды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова шара барысында осындай форумды өткізу халықаралық әріптестікті одан әрі дамытуға, соның ішінде ТМД елдерін мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелерін шешуге жас ғалымдарды тартуға ықпал ететіндігін атап өтті.

Тұңғыш Президент - Елбасы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауында инновациялық және сервистік секторларды дамытуға ерекше назар аудара отырып, 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты жалпы ішкі өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қажеттілігін атап өтті. Cебебі болашақта елдің жаһандық әлемдегі орны мен рөлі оларға байланысты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында жастарды жұмысқа орналастыру мәселелерінің маңыздылығына және оны прогрестің алғышарты екендігін айқындады.

Бұл форум мемлекеттік өмірдің барлық салаларына жас ғалымдардың белсенді қатысуын қамтамасыз етумен байланысты өзекті мәселелерді талқылау үшін жақсы алаң болып табылады", - деді Төраға.

Агенттік Төрағасы қазіргі уақытта елімізде жаңа жас басқарушылар қатарынан Президенттік кадрлық резерв құрылатынын еске салды.

"Басқару құрамын жедел шешім қабылдауға және жаңа ахуалдарға, жаңа сын-тегеуріндерге тез бейімделетін жаңа формация басшыларымен жаңарту талап етіледі. Іріктеуді тек мемлекеттік қызметшілерден ғана емес, сонымен бірге экономиканың барлық секторларының өкілдері арасында өткізу жоспарланып отыр. Агенттік қазіргі уақытта мемлекеттік қызметке шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының PhD түлектері мен халықаралық, трансұлттық ұйымдарда жұмыс өтілі бар үміткерлердің конкурстан тыс орналасу мүмкіндігін қарастыруда", - деді Анар Жаилғанова.

Оның айтуынша, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы қазақстандық ғылымды дамытуға, сондай-ақ халықаралық, оның ішінде ТМД елдерімен ынтымақтастыққа елеулі үлес қосуда.

Академияның шетелдік ынтымақтастығы халықаралық тыңдаушыларды оқытумен нығайтылуда. 2009 - 2019 оқу жылдарында магистр дәрежесін 71 шетелдік мемлекеттік қызметші алды. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында тәжірибе алмасу мақсатында Академия шетелдік оқу орындарымен және халықаралық ұйымдармен белсенді қызмет етеді. БҰҰДБ, ЮНИСЕФ және басқа да халықаралық ұйымдардың зерттеу жобаларына қатысады.

ҚР МҚІА баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны