05.07.2018, 20:29 4211

"Burabay Summer Fest" фестиваліне қатысқан түркістандық жеті өнерпаз жеӊіспен оралды

Астана қаласыныӊ 20 жылдығы аясында Ақмола облысы Бурабай демалыс аймағында өткен "Burabay Summer Fest" халықаралық балалар мен жасөспірімдер телевизиялық фестивалінде түркістандық жеті өнерпаз жүлделі орындарға қол жеткізді.

Түркістан. 5 шілде. Kazakhstan Today - Елордамыз - Астана қаласыныӊ 20 жылдығы аясында Ақмола облысы Бурабай демалыс аймағында өткен "Burabay Summer Fest" халықаралық балалар мен жасөспірімдер телевизиялық фестивалінде түркістандық жеті өнерпаз жүлделі орындарға қол жеткізді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігініӊ ұйымдастыруымен өткен фестивальдіӊ мақсаты- еліміздіӊ әрбір облыс, аудандарындағы дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және оларға жан-жақты қолдау көрсету, шығармашылық қабілеттілігін дамыта отырып, орындаушылық шеберліктерін шыӊдау, халықаралық мәдени байланыстарды дамыту және нығайту, тәжірибе алмасу, отансүйгіштікке тәрбиелеу, еліміздіӊ ұлттық өнері мен тарихына деген қызығушылықты арттыру, жалпы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру болып табылады.

Байқау "Вокалдық өнер" (дәстүрлі ән, академиялық ән, эстрадалық ән), "Инструменталдық орындаушылық" (дәстүрлі өнер, классикалық өнер, эстрадалық өнер), "Хореографиялық өнер" (халықтық би, классикалық би), сондай-ақ "Көркемдік оқу" номинациялары бойынша өтті.

Аталған конкурста Түркістан облысыныӊ "Жетіген" ансамблі Бас жүлдені қанжығасына байласа, академиялық ән жанры бойынша Сарыағаш ауданынан Тұрарбек Илима бірінші орынды, Созақ ауданыныӊ жас көркемсөз оқу шебері Тұран Өсер екінші орынды, академиялық ән жанры бойынша Темірбекова Айгерім екінші орынды, классикалық музыкалық аспаптарда орындаушылар арасында сайрамдық Абдимажитов Нурилло және Ордабасы ауданынан Диас Айнабек үшінші орынды, дәстүрлі ән жанры бойынша Сайрам ауданынан Аман Ерсін үшінші орынды иемденді.

Айта кетсек, өӊірімізден аталған байқауға 10-16 жас аралығындағы 200-ден аса үміткер қатысып, 9 жанр бойынша өнер көрсетіп, үздік деп танылған 32 үміткер ақтық кезеӊге жолдама алған болатын.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны