10.08.2015, 13:16 3576

Бұрынғы премьер-министр С. Ахметовтіӊ ісі бойынша төрағалық етуші судьяға наразылық қолдаухаты қабылданбады

Қарағандыда сот сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталған бұрынғы премьер-министр С. Ахметовтіӊ және Қарағанды облысыныӊ басқа да лауазымды тұлғалары мен бизнесмендерініӊ ісі бойынша төрағалық етуші судьяға наразылық қолдаухатын қабылдамады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі

Астана. 10 Тамыз. Kazakhstan Today - Қарағандыда сот сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталған бұрынғы премьер-министр С. Ахметовтіӊ және Қарағанды облысыныӊ басқа да лауазымды тұлғалары мен бизнесмендерініӊ ісі бойынша төрағалық етуші судьяға наразылық қолдаухатын қабылдамады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Судья Исламхан Есенбаевқа наразылық білдіру өтініші қанағаттандырылмасын, қаулы шағымдануға жатпайды", - деп Қарағанды облысы қылмыстық іс жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыныӊ судьясы Төлеген Таӊсықов шешімді оқыды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Судьяға наразылық білдіру қолдаухатын сотталушылардыӊ бірі Айдос Жәкеновтіӊ (Қарағанды қаласы ТКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары басқармасыныӊ бұрынғы бастығы) адвокаты Мейрам Шәймерденов мәлімдеді. Ол сот шағымдану құқығын қорғауға кедергі келтіргенін мәлімдеді. М. Шәймерденов қылмыстық істі тоқтату туралы қолдаухаттан бас тарту туралы бірінші инстанциядағы сот қаулысына аппеляциялық алқаға жеке шағым берілгенін хабарлады.

"Жеке шағымды қарағанға дейін басты сот талқылауын тағайындап, судья іс нәтижесіне жеке немесе жанама мүдделілігін білдірді", - деп санайды адвокат.

Еске салсақ, С. Ахметовке және басқа да фигуранттарға қатысты қылмыстық іс Қарағанды облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа 2015 жылғы 13 шілдеде түскен. 14 шілдеде ол әр сотталушыға статистикалық карточка тіркелді. Қылмыстық іс автоматты түрде судья Исламхан Есенбаевқа берілді.

Сыбайлас жемқорлық ісі бойынша барлығы 21 адам тергелуде. Оларға қызмет бабын асыра пайдаланды, бюджет қаражатын ұрлады және кәсіпкерлік қызметке заӊсыз араласты деген айыптар тағылған. С.Ахметов сондай-ақ аса ірі көлемде пара алуға айыпталуда. Қылмыстық іс материалдары 300 томнан асады.

Тергеу нұсқасы бойынша, С.Ахметов 1 млрд. теӊгеден астам бюджет қаражатын жымқырып, 2,4 млн. АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдік бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны