17.05.2010, 14:48 4336

Бұрынғы сүтпен жабдықтаушы әйел "ФудМастер" компаниясына қарсы сот тәжікесінде жеңіп шықты

Бұрынғы сүтпен жабдықтаушы әйел "ФудМастер" компаниясына қарсы сот тәжікесінде жеңіп шықты

Алматы. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Бұрынғы сүтпен жабдықтаушы Маргарита Фирстова Алматы қалалық ауданаралық экономикалық сотында "ФудМастер" компаниясына қарсы сот тәжікесінде компанияның сүт сапасын төмендету арқылы ақшаны аз төлеп келгенін дәлелдеп, жеңіп шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today құқық қорғаушы Ғалия Дүйсенбаеваға сілтеме жасап.

"Соттың шешімі бүгін жария етіліп, шағым талаптары жартылай қанағаттандырылды. Сот "ФудМастер" компаниясының зертханасында жүргізілген талдаулардың физика-химиялық көрсеткіштерін қуатсыз деп таныды. Ал Фирстованың сүтті алған кездегі талдауларының қорытындысы рас деп танылды", - деді Ғ. Дүйсенбаева.

Оның айтуынша, "сүттің ақшасы төленбей, оның сұрыбы мен барлық сапалық көрсеткіштері төмендетіліп отырған. Бұл бағаға әсерін тигізіп, Фирстованың жұмысы желге ұшқан".

"Шағымда осы 10,5 млн теңгенің 9,5 млн теңгесін сот Фирстованың пайдасына шешті", - деді ол.

"Оған келген шығын көлемі 8,5 млн теңге. Оған қоса сот шығындары мен 100 мың теңге моральдық шығынның өтемі бар. Сөйтіп шамамен 9,5 млн жуық теңге шықты", - деді құқық қорғаушы.

Бұған қоса, оның хабарлауынша, "бұл - Фирстованың "ФудМастермен" арадағы екінші сот тәжікесі. "Өткен жылы да ол осы сотта аталған компаниямен соттасқан. Сол кезде де ол процесті жеңіп шықты", - деді ол.

Құқық қорғаушының түсіндіруінше, М. Фирстова сатылған сүттің сапасын төмендетіп көрсету туралы мәселе көтеріп, өз мүддесін қорғай бастаған кезде "ФудМастер" компаниясы онымен арадағы шартты біржақты бұзған. "Сол себепті ол бастапқыда осы шарттың заңсыз бұзылғандығы бойынша мүддесін қорғауға мәжбүр болып, осы тәжікеде жеңіп шығып, ақшалай өтемақы алған. Бұл процесс екінші кезеңге одан әрі жалғасып, әйел бұдан кейін компанияға сатқан жоғары сапалы сүті үшін алуға тиіс ақшасын кері қайтармақ болды", - деді Ғ. Дүйсенбаева.

"Бұл - бірінші сатылы сот, біздің қарсыластарымыз апелляциялық сатыға жүгінетіні сөзсіз. Бірақ бүгінгі жағдаймен сот барысында 8 томдық іс түзілді, сол 8 томның шамамен 7,5 томы - Фирстова келтірген құжаттар", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны