29.04.2010, 17:50 3111

Бурятияда бес жасар ұл бала мұздың астына түсіп кеткен алты жасар әпкесін жарты сағат бойы тісімен тістеп тұру арқылы аман алып қалған

Бурятияда бес жасар ұл бала мұздың астына түсіп кеткен алты жасар әпкесін жарты сағат бойы тісімен тістеп тұру арқылы аман алып қалған

Алматы. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Бурятия астанасы Улан-Удэ қаласындағы №31 мектептің басшылығы 15 жастағы Иван Жамьянов пен бес жасар Данил Зайцевті бірінің қарындасы, екіншісінің әпкесі болып табылатын алты жасар қызды мұздың астына түсіп кете жаздаған кезде құтқарып қалғаны үшін марапаттау туралы Бурятия Төтенше жағдайлар министрлігі басқармасына өтініш жолдамақ ниетте, деп хабарлайды Kazakhstan Today Newsru.com ақпараттық порталына сілтеме жасап.

РФ ТЖМ Бурятия МБ Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қыз мұз әлі қатып жатқан өзенге батып бара жатқан кезде оның бес жасар інісі Данил жарты сағат бойы оны күләпарасынан тістеп тұру арқылы мұздың астына батып кетуден аман сақтап қалған.

"Осы уақытта тағы бір қыз бала үйге қарай жүгіріп, қыздың үлкен ағасы Иванды шақырып келген, ол қызды судан шығарып алған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Иван әбден мұздап, әлсіреп қалған қарындасын үйге көтеріп әкеліп жылытқан. Бұл оқыс оқиға 5 сәуірде болса да, жуырда ғана жұртшылыққа мәлім болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны