09.09.2016, 18:27 4509

Бурятияда "Ресей мен Еуразия елдерініӊ зейнетақы реформалары: проблемалар мен шешімдер" тақырыбында конференция өтті

Форумда Бурятия Республикасы электронды мемлекеттік қызметтерді енгізу бойынша РФ зейнетақы қоры аясында алдыӊғы қатарда тұрғаны атап көрсетілді.

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бурятияда "Ресей мен Еуразия елдерініӊ зейнетақы реформалары: проблемалар мен шешімдер" тақырыбында конференция өтті, деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ баспасөз қызметі.

Қазақстан атынан "Азаматтарға арналған үкімет" КЕ АҚ, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ және "Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ қатысты. Біздіӊ еліміз үшін басқа елдердіӊ халыққа қызмет көрсетудегі тәжірибелерін зерттеу мүмкіндігі ерекше назарда болды.

Қатысушылардыӊ баяндамаларынан байқалғандай, көптеген республикаларда зейнетақымен қамтамасыз етудіӊ ортақ жүйесі әрекет етеді, ал жинақтаушы компонент - тек даму сатысында ғана. Қатысушы елдердіӊ күрделі экономикалық жағдайларын ескерсек, зейнетақы төлеудіӊ барабарлығын қамтамасыз етуде проблемалар туындайды.

Форумда Бурятия Республикасы электронды мемлекеттік қызметтерді енгізу бойынша РФ зейнетақы қоры аясында алдыӊғы қатарда тұрғаны атап көрсетілді. Басқа өӊірлер үлгі ретінде Бурятия Зейнетақы қорыныӊ орталықтандырылған зейнетақы төлеуді тағайындау тәжірибесін алып, қазір оны зерделеуде.

Сонымен қатар, Бурятияда ұжымныӊ қолайлы микроклиматын жасауға бағытталған іс-шаралар белсенді түрде жүргізілуде. Мәселен, кәсіподақ қаражаты есебінен (жарналар жалақыныӊ 2%-ын құрайды әрбір өӊірде психологиялық жеӊілдену бөлмесі, тренажер залы, би, йога залы ұйымдастырылған. Жыл сайын ұжымныӊ кадрлық-психологиялық аудиті жүргізіледі. Жұмысқа қабылдағанда психологтыӊ кеӊесі міндетті түрде қажет. Сондай-ақ қызметкерлер, зейнеткерлер арасында спартакиадалар ұйымдастырылады. Мұндай тәжірибе көптеген қазақстандық компанияларға пайдалы болуы мүмкін.

Қазақстан Рспубликасында мемлекеттік қызет көрсетудіӊ бірыӊғай провайдерініӊ тәжірибесімен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясыныӊ атынан мемлекеттік корпорацияныӊ Стратегиялық жоспарлау және даму департаментініӊ директоры Илия Оспанова бөлісті. Ол ағымдағы жылғы сәуірде көп сұралатын мемлекеттік қызметтерді біріктірген және құрамына төрт мемлекеттік кәсіпорынды: халыққа қызмет көрсету орталығы, жылжымайтын мүлік орталығы, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық және жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы кіретін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы құрылғанын айтты.

Сондай-ақ мемлекеттік корпорацияға еліміздіӊ аумақтық ерекшеліктерін ескере отырып, мысалы халыққа, оныӊ ішінде шалғай елді мекендердіӊ тұрғындарына мемлекетік қызмет көрсетудіӊ қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша Елбасы қойған міндеттерді орындау шеӊберінде, мемлекеттік корпорацияда жұмыс істейтін, халыққа мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін 70 Мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтары секілді әртүрлі ноу-хаулармен бөлісті. "Ауылдарға бару кезінде тұрғындар тек мемлекеттік қызметтерді алып қана қоймайды, сондай-ақ әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту және жаӊа мамандандықтарға оқыту мәселелері бойынша кеӊестер алады", - деп атап көрсетті Илия Оспанова. Қазақстаннныӊ шалғайдағы елде мекендердіӊ тұрғындарына мобильді ХҚКО құру арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәжірибесі форумға қатысушылардыӊ қызығушылығын тудырды.

Конференцияда мемлекеттік корпорацияныӊ Қазақстанда Мемлекеттік корпорацияны құру тәжірибесін енгізу және тәжірибе алмасу бойынша ақпараттық-консультативтік пен әдістемелік қолдау көрсету аясында барлық елдермен өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екендігі атап көрсетілді.

Форумды ұйымдастырушы Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығы (ХЗИҚҚ) болды. Оныӊ құрамына ТМД 10 елініӊ және Грузияныӊ мекемелері кірді. Форумда Ресейдіӊ, Белорусьтіӊ, Бурятияныӊ, Молдованыӊ, Тәжікстанныӊ, Грузияныӊ, Қырғызстанныӊ, Монғолияныӊ және Өзбекстанныӊ делегациялары қатысты. Сондай-ақ "Газфонд" мемлекеттік емес зейнетақы қорыныӊ, "Еӊбек министрлігініӊ еӊбек және әлеуметтік сақтандыру ҒЗИ" ФМБМ, "Зейнетақы журналыныӊ редакциясы" ЖШҚ, "РотаК" ЖШҚ, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ, "Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ және Халықаралық зейнетақы және Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығыныӊ өкілдері қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны