26.02.2007, 18:18 3066

"Бүркіт" әуе компаниясының ТУ-154 ұшағының апаттық жағдайда қонуының себебін тексеру жөнінде арнайы комиссия құрылды

АСТАНА. 26-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінде "Бүркіт" әуе компаниясының ТУ-154 ұшағының апаттық жағдайда қонуының себебін тексеру жөніндегі арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне әуе компаниясынан хабарлады.

Ақпарат көзі атап өткендей, "әзірге, ұшақтың қону себебін айтуға ертерек, барлығын тексеру нәтижесі көрсетеді".

Бұрын хабарлағанымыздай, 23-ақпанда 22 сағат 45 минутта Вена - Алматы бағытындағы ТУ-154 ұшағы (борт нөмірі 85713, "Бүркіт" әуе компаниясы, БЕЦ-010 рейсі) оң жақ дөңгелегінің түсуі салдарынан Атырау әуежайына апаттық жағдайда қондырылған.

Ұшақ бортында экипаждың 10 мүшесі мен 19 жолаушы болған. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

"Қазақстан" телеарнасының ақпараттарына сүйенсек, ұшақ бортында Қазақстан Республикасы сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған парламент делегациясы болған. Депутаттар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының экономикалық мәселелер, ғылым, технология және қоршаған орта жөніндегі Парламенттік ассамблеясының жұмысына қатысып қатқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны