06.07.2006, 17:15 2928

Бутаковка шатқалындағы жағалауды нығайту жұмыстары тоқтатылып, жер қожайыны – “Тау Құрылысы” ЖШС - әкімшілік жауапкершілікке тартылды

АЛМАТЫ. 6-шілде. Kazakhstan Today. Бутаковка шатқалындағы жағалауды нығайту жұмыстары тоқтатылып, осы жұмыстарды бастаған бұрынғы “Дубовая роща” пионерлер лагерінің қожайыны – “Тау Құрылысы” ЖШС - әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Алматы қалалық аумақтық басқармасының хабарламасында айтылған.

Онда атап көрсетілгеніндей, 30-маусымда Кіші Алматы өзеніндегі жағалауды нығайту жұмыстарына жоспардан тыс тексеру жүргізілді. “2005-жылдың 27-мамырындағы мемлекеттік актіге сәйкес, аталмыш жер учаскесі “Тау Құрылысы” ЖШС-іне қарасты”,- деп хабарлайды басқарма. “Жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізуге қатысты жобада “Қоршаған ортаны қорғау” жөнінде бөлім болмауға және мемлекеттік экологиялық оң сараптама болмауға байланысты “Тау Құрылысы” ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды”. Жер учаскесінің қожайынына 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Агенттіктің сауалына жауап берген “Медеу” мемлекеттік табиғи саябағы” мемлекеттік басқармасының директоры Ермұрат Атабаевтың мәлімдеуінше, “Медеу” саябағының аумағы Іле Алатауы ұлттық табиғи саябағының аумағына емес, қалаға қарасты жерлерге жатады”. “Ал саябақ аумағындағы жекежайлар жеке тұлғаларға қарасты жерлерде салынған. Бұл жерлер Қазақстан тәуелсіздік алып Конституция қабылданғаннан, Жер кодексі мен жеке меншік туралы заң шыққаннан кейін заңдастырылған. Өйткені, жер учаскелері 2001-жылы құрылған “Медеу” мемлекеттік табиғи саябағы” түгілі Іле Алатауы ұлттық табиғи саябағы құрылмай тұрып пайдалануға берілген”,- дейді Е.Атабаев.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны