30.04.2008, 13:17 3498

БҰҰ әлемдік азық-түлік дағдарысымен күрес жөніндегі жұмыс тобын құрады

БҰҰ әлемдік азық-түлік дағдарысымен күрес жөніндегі жұмыс тобын құрады

Алматы. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ әлемдік азық-түлік дағдарысымен күрес жөніндегі жұмыс тобын құрады. Мұндай шешім Бернде 28-29 сәуір аралығында 27 мекеме және қор ұйымдары басшыларының БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун арасында өткен кездесуі кезінде қабылданды.

"Бүгін мен сіздерді әлем бойынша күрт көтерілген азық -түлік бағаларына арналған пікір таластардың қорытындысы жөнінде ақпаратпен бөліскім келіп отыр. Біз жаһандық ғаламдық мәселеге тап болып, енді ол тұрғындар арасында жағдайы мүшкіл топтарға дағдарыс ретінде әсерін тигізуде ", - деп мәлімдеді БҰҰ бас хатшысы Бернде журналистерге берген сұхбатында.

БҰҰ атап өткеніндей, азық-түлік дағдарысы бірнеше себептермен пайда болды. Соның ішінде қуат көздері бағасының өсуі, ауыл шаруашылық саласындағы инвестицияның тапшылығы, сұраныстың өсуі, халықаралық сауда жүйесінің жетіспеушілігі және ауа райының қолайсыздығы жағдайымен байланысты.

"Бұл дағдарыс көп сатылы себеп салдарға әкелгенімен оның ең сорақысы, кедей мемлекеттердің қорғалмаған тұрғындарына қатты ауыртпалық тигізуі", - деп атап өтті Пан Ги Мун. Ол атап өткеніндей, әлемде аштық көріп жатқандар қатары күннен күнге ұлғайып келеді, ал оларға көмек көрсететін гуманитарлық ұйымдар саны қысқаруда.

Бас хатшы атап өткеніндей, бүгінгі кезде БҰҰ жүйесіндегі барлық мекемелер ынтымақтастығын көрсетіп, әлемдегі азық-түлік дағдарысына қарсы күреске біріге отырып шығуды ұйғарды."Біз қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бірқатар шараларды қабылдау жөнінде келісімге келдік", - деп мәлімдеді БҰҰ басшысы.

Қатысушылар ең бірінші кезекте қолға алынатын маңызды шараға аштық көріп отырғандарға азық-түлік жеткізу міндеті жататынын атап өтті. Осыған орай олар Илемдік азық-түлік бағдарламасына донор мемлекеттердің шұғыл түрде $755 көлемінде қаржыны бөліп беруге шақырды.

Пан Ги Мунның айтуынша, екінші мақсатқа ертеңгі күнгі азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі белгіленді.Сарапшылар бұны ауыл шаруашылық өндірісінің кеңеюімен байланыстырып отыр. Осыған орай кедей мемлекеттердің фермерлеріне қолдау көрсетіліп, оларды қаржы, тұқыммен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ету шаралары қолға алынатын болады.

Жақын арада БҰҰ барлық жүйесінің қатысуымен қысқа мерзім ішінде дағдарысқа төтеп беретін шаралар анықталып жүзеге асырылатын болады. Ұлттық деңгейде азық-түлік бағаларының мониторингі жүргізіліп және оның тұрғындарға беретін әсері зерттелетін болады. БҰҰ өкілдері дағдарыстан зардап шеккен мемлекеттердің үкімет мүшелерімен кездесіп, бірлесе отырып оның кедейлерге түсіріп отырған ауыртпалығын жеңілдететін ұлттық стратегияларын дайындайтын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны