03.03.2010, 12:46 2838

БҰҰ Бас Ассамблеясы ҰҚШҰ-мен ынтымақтастық туралы резолюция қабылдады

БҰҰ Бас Ассамблеясы ҰҚШҰ-мен ынтымақтастық туралы резолюция қабылдады

Алматы. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясы ҰҚШҰ-мен ынтымақтастықты бекіте түсуге бағытталған резолюция қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Резолюция жобасын таныстырған БҰҰ жанындағы Ресей өкілі Виталий Чуркин ҰҚШҰ-ның 2004 жылдан бері Бас Ассамблеяның жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие екенін атап өтті. 2009 жылдың 16 қаңтарынан бастап ҰҚШҰ бітімгершілік қызметі туралы келісім күшіне енді. Ресей елшісі мәлімдегендей, ҰҚШҰ-ның бітімгершілік әлеуетін бейбітшілікті қорғау операцияларында , соның ішінде БҰҰ басқаратын операцияларда пайдалануға болады.

Бұған қоса, БҰҰ Бас Ассамблеясы Жолдардағы қауіпсіздік саласындағы он жылдық іс-әрекеттер жоспарын жүзеге асыру, сондай-ақ, Екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталуына 65 жыл толуы туралы резолюцияны қабылдады.

Бас Ассамблея БҰҰ-ына мүше барлық мемлекеттерге, БҰҰ жүйесіндегі ұйымдарға және жеке тұлғаларға Екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталу мерейтойын осынау сұм соғыстың барлық құрбандарын еске алу күні ретінде атап өтуді ұсынды. Бас Ассамблея төрағасына 2010 жылдың мамыр айында арнаулы салтанатты шара өткізу тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны