02.07.2008, 16:57 1363

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун "үлкен сегіздік" елдерін ауыл шаруашылығын қаржыландыруды 3 пайыздан 10 пайызға ұлғайтуға шақырды

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун "үлкен сегіздік" елдерін ауыл шаруашылығын қаржыландыруды 3 пайыздан 10 пайызға ұлғайтуға шақырды

Алматы. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун "үлкен сегіздік" елдерінің мемлекет пен үкімет басшыларына хат жолдады. Хатта әлемнің халықаралық қоғамдастық тарапынан жедел арада назар аударылуын талап ететін үш проблемамен бетпе-бет келгеніне олардың назарын аударған. Ол проблемалар - азық-түлік дағдарысы, ауа-райының өзгерісі және Мыңжылдық даму мақсаттарына қол жеткізу жолындағы қиындықтар, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасай отырып.

БҰҰ бас хатшысы Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Италия, Германия, Франция және Канада елдерінің басшыларын егер жедел шаралар қолданылмаса, әлемдегі аш жалаңаштар қатары тағы 100 млн адамға толығатыны жөнінде ескертті. Ол мемлекет және үкімет басшыларына ауыл шаруашылығын дамытуға және ауыл кедейлерін қолдауға арналған ресми көмек көлемін 3 пайыздан 10 пайызға ұлғайту, алайда, бұл үшін денсаулық сақтау мен білім беру салаларына арналған бюджетті қысқартпау жөнінде кеңес берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны