07.04.2010, 12:21 1644

БҰҰ бас хатшысының пікірінше, Қазақстан президенті ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу жөніндегі келісім-шартты тез арада ратификациялауды ұсынады

БҰҰ бас хатшысының пікірінше, Қазақстан президенті ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу жөніндегі келісім-шартты тез арада ратификациялауды ұсынады

Алматы. 7 сәуір. Kazakhstan Today - БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонда өтетін ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу жөніндегі келісім-шартты тез арада ратификациялауды ұсынады деп күтеді. Бұл туралы ол бүгін Қазақстанның мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

БҰҰ бас хатшысы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жуырда Вашингтонда өтетін ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу жөніндегі келісім-шартты тез арада ратификациялауды ұсынады деген үміт білдірді.

"Меніңше, бұл оның Семей ядролық полигонын жабу жөніндегі бастамасымен үндес, біз дұрыс бағытта алға жылжып келеміз және бұл іске "серпін беріп жіберу" керек", - деді ол.

"Назарбаев мырза 1991 жылы Семей ядролық полигоны жабылған жылы бірегей көшбасшылық танытты. Соның бастамасының арқасында 29 тамыз Ядролық сынақтарға қарсы іс-әрекеттер күні болып тағайындалды", - деді Пан Ги Мун.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны