10.01.2008, 15:12 1744

БҰҰ Даму бағдарламасы халықтың құқықтық ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету жобасын жүзеге асыруға септігін тигізуге дайын

БҰҰ Даму бағдарламасы халықтың құқықтық ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету жобасын жүзеге асыруға септігін тигізуге дайын

Астана. 10 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ Даму бағдарламасы халықтың құқықтық ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету жобасын жүзеге асыруға септігін тигізуге дайын. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәмимен кездесу барысында БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі, БҰҰ-ның резидент үйлестірушісі Шу Хаолян мәлім етті,- деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі жақты жүздесудегі әңгіме барысы Республика Жоғарғы соты мен БҰҰ-ның Даму бағдарламасы арасындағы ынтымақтасу, бұдан былайғы өзара қарым-қатынасты жетілдіру бағытында өрбіді.

Қайрат Мәми қонақтарға Қазақстан сот жүйесін дамытудағы соңғы жетістіктер мен өзгерістер жайлы таныстырды. Соның ішінде сот өндірісіне алқа билерді қатыстыру, соттарды мамандандыру, жаңа Конституция бойынша тұтқындауға соттардың санкция беруін кіргізу, сот процестеріндегі сандық жазба жүйесіне өркендеген ақпаратты технологияны енгізу туралы айтып берді. Қылмыстық сот процестеріне бейнеконферецияға байланысты қолдану сотталушының құқығын қамтамасыз етуге неғұрлым кепілдік бертінін мысалға келтірді.

Өзара ынтымақтастықты одан әрі өркендетудің бағыты туралы айта келе Шу Хаолян халықты құқықтық тұрғыдан жеткілікті қамтамсыз ету және оның ішінде сотқа қатысты ақпараттарды барынша жедел алу жөніндегі алғашқы жобаларды жүзеге асыруға әзір екенін айтты. Қ. Мәми бұл ұсынысты жан-жақты қолдайтынын білдірді.

Сонымен қатар, екі жақ БҰҰның даму бағдарламасының Қазақстанға консультативті және техникалық тұрғыдан қолдау көрсету қызметі Жоғарғы Соттың осы саланы өркендету жөніндегі позициясымен ұштасатынына зор сенімдерін білдірді. Бұл тұрғыда, Жоғарғы соттың сот зерттеу Орталығының институттылығын дамытудағы әрекет бірден бір өркенді іс - ондағы негізгі басымдылық, сот жүйесіндегі тиімді мониторинг, соттағы білімділік бағдарламасын және сот жүйесін дамытудағы тепе-теңдікті одан әрі дамытудың ахуалын негіздеу, ең басты басымдылық болып табылатыны айтылды.

Сонымен қатар, судьялар әдебін нығайтуда судья этикасының Кодексінің ережелерін қайта қарау да пісуі жеткен қажетті нәрсе екені де қозғалды. БҰҰ-ның бастамасымен анықталғандай, барлық әлемдегі қалыптасқан әдеп нормасы ретінде танылған Бангалорлық қағидаттар барлық судьялардың мінез-құлқында болу керектігі жан-жақты талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны