01.03.2010, 17:42 3086

БҰҰ Даму бағдарламасы Монғолиядағы қырылған малды көму жұмыстарына қаржылай көмектеседі

БҰҰ Даму бағдарламасы Монғолиядағы қырылған малды көму жұмыстарына қаржылай көмектеседі

Алматы. 1 наурыз. Kazakhstan Today - БҰҰ Даму бағдарламасы Монғолияда жұтқа байланысты шығында ұшыраған малшылардың ақша табуына мүмкіндік беру және халық үшін тәуекелді азайту үшін қырылған малды көму жұмыстарына қаржылай көмектесу бағдарламасын жүзеге асыруда, деп хабарлайды Kazakhstan Today БҰҰ Даму бағдарламасының сайтына сілтеме жасап.

Монғолияда биыл қар көп жауып, оның қалыңдығы ел аумағының 60% астам бөлігінде 20 - 40 сантиметрге жеткен. Мал соның салдарынан жайыла алмай, жұт басталды. Елде қазіргі жағдаймен 2 млн 700 мың басты мал қырылған, ал олардың өлімтігі далаларда жатыр. Бұл қар еритін кезде түрлі жұқпалы аурулардың таралу қаупін тудыруда.

Ұсынылған бағдарлама аясында малшылар жайылымдарды тазарту мен қырылған малды көмуге қаржы алады. Бағдарламаның мақсаты 60 мыңдай малшыға, соның ішінде жұттан артықша зардап шеккен 200-ге жетпейтін азын-аулақ мал басы бар малшыларға көмек көрсетуге саяды. Монғолия халқының үштен бір бөлігі қазіргі жағдаймен кедейлік шегінен тыс өмір сүруде. Бұл сан малдың қырылуына байланысты тіптен өсе түсетін сыңайлы.

Монғолия халқы әдетте қатал қысқа үйренген халық, бірақ дегенмен биылғы қытымыр қыста ауа температурасы минус 50 градустан төмендеп, жұтқа алып келсе, оның алдындағы жазда қуаңшылық болған. Малдың жем-шөбі соның салдарынан таусылып, елде миллиондаған басты малдың қырылуына алып келді. Ал бұл елде халықтың үштен бір бөлігі мал мен ауылшаруашылығының есебінен күн кешеді.

Үкіметтің есептеуінше, қыс аяқталғанға дейін тағы да үш миллионға жуық мал қырылуы мүмкін. Монғолия үкіметі бес миллионнан астам малды көму үшін $4 млн сұраған. БҰҰ Даму бағдарламасы бүгінде $300 мың бөліп отыр, және көму бағдарламасына қосымша қаржы қарастыру, елдегі шаруашылықты тез арада қалпына келтіруге қолғабыс жасау мақсатында жұмыс істеп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны