03.07.2008, 09:54 1465

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі "Аль-Каида", Усама бен Ладен, "Талибан" және олармен байланысты тұлғаларға қарсы санкциялар режимін ұзартты

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі "Аль-Каида", Усама бен Ладен, "Талибан" және олармен байланысты тұлғаларға қарсы санкциялар режимін ұзартты

Алматы. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі "Аль-Каида", Усама бен Ладен, "Талибан" және олармен байланысты тұлғаларға қарсы санкциялар режимін ұзартты. Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері осы санкциялар таралатын лаңкестермен байланысы бар тұлғаларды, топтарды, кәсіпорындар мен ұйымдарды нақтылады. Кеңес "қара тізімге" қандай да бір тұлғаның заңсыз енуін болдырмас үшін оны толықтыру тәртібін де бекітті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасай отырып.

Бірауыздан қабылданған резолюцияда Қауіпсіздік кеңесі террористік актілердің іске асуына жәрдемдесу мақсатымен Интернетті "Аль-Каида", Усама бен Ладен, "Талибан" және олармен байланысты тұлғалардың қылмыстық пайдалануына байланысты алаңдаушылық білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны