16.05.2008, 15:21 3256

БҰҰ Қытайда зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсетуге дайын

БҰҰ Қытайда зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсетуге дайын

Алматы. 16 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ Қытайда зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсетуге дайын. Бұл туралы БҰҰ бас хатшысының баспасөз хатшысы Мишель Монтас мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік БҰҰ ақпарат орталығына сілтеме жасай отырып.

Қытайдың бұқаралық ақпараты құралдары хабарлағанындай, табиғат апатынан 20 мың адам құрбан болған, алайда олардың саны 50 мыңнан асып жығылуы мүмкін деген күдік бар.

"Бұл сұмдық оқиға, Бас хатшы құрбан болған адамдардың туған туыстарына қайғырып көңіл айтады. БҰҰ Қытай үкіметіне қажетті барлық көмек көрсетуге дайын", -деді баспасөз хатшысы М. Монтас БҰҰ басшысы атынан мәлімдемені оқып.

Ол хабарлағанындай, Пекиндегі БҰҰ үйлестірушісі Қытайдың билік өкілдерімен тығыз қарым қатынас жасап, БҰҰ-ның көмегін және мүмкіндіктерін ұсынды. Қытай үкіметі ресми түрде көмек сұрамаса да, іс жүзінде көрсетілетін кез келген көмекке риза болатынын мәлімдеді.

БҰҰ жүйесінің мекемелері апаттан зардап шеккендерге азық-түлік, құрылыс материалдарын, шатырларды, медициналық құралдарды жеткізуге дайын. БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі басқармасы ҚХР БҰҰ төтенше жағдайларда әрекет ету орталығының қорынан грант бөлуге дайын екендіктерін мәлімдеді.

Қытайдағы тұрақты өкілі Ван Гуанья БҰҰ радиосына берген сұхбатында Қытайдың үкіметі табиғи апаттың салдарын жоюға байланысты көмек берілуі жөніндегі ұсынысты талқылауға дайын екендігін мәлімдеді. Ол атап өткеніндей, бұзылған жолдар мен үзілген байланыс желілері зардап шеккен аудандарға халықаралық көмекті жеткізуге мүмкіндік бермейді.

"Менің пікірімше, біздердегі жолдар мен байланыс желілері қалпына келтірілгеннен кейін Қытай үкіметі БҰҰ немесе БҰҰ арқылы халықаралық қауымдастықтан қандай көмек ала алатыны жөніндегі мәселесін талқылайды", - деп мәлімдеді Ван Гуанья.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны