10.01.2008, 12:36 1509

БҰҰ зілзаладан зардап шеккен қырғызстандықтарға көмек жіберді

БҰҰ зілзаладан зардап шеккен қырғызстандықтарға көмек жіберді

Алматы. 10-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Біріккен ұлттар ұйымы зілзаладан зардап шеккен Қырғызстан тұрғындарына көмек жіберді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Біріккен ұлттар ұйымының сайтына сілтеме жасай отырып.

Ұйым хабарлағандай, БҰҰ-ның гуманитарлық агенттіктері апат аймағына үш мың адамға есептелген шатырлар және өзге де бірінші қажеттіліктегі тауарлар жібереді.

БҰҰ-ның мәліметтеріне сүйенсек, зардап шеккендердің көпшілігі қазіргі уақытта жазғы шатырларда өмір сүріп жатыр.

БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы халықты бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз ету ісінде Қырғызстан үкіметіне көмек көрсетілген. Атап айтқанда, БҰҰ зардап шеккендерге 200 матрас, 200 дорба төсек, 400 көрпе, тамақ дайындауға арналған 500 құрал, 700 балаға аяқ-киім, шамамен 450 бала жейделерін жіберген.

Сонымен қатар, сайтта хабарланғандай, жанармай, жылытқыштар және жылытылған шатыр алу үшін БҰҰ 300 мың АҚШ долларын бөлген. Қазір БҰҰ-ның Италиядағы қоймасынан Қырғызстанға Норвегия үкіметі ұсынған 120 қысқы шатыр жіберілген. Сондай-ақ, БҰҰ жақын арада жылытқыш құралдарын сатып алуды да жоспарлап отыр.

БҰҰ сайтында көрсетілгендей, Қырғызстан үкіметі 500 қысқы шатыр, 500 пеш, 2500 қысқы күртеше, ересектердің 1000 аяқ киімі, 22 тонна ұн, 3 мың литр өсімдік майы, 11 мың банк ет консерві, 4,5 тонна қант, 2,25 тонна вермишель, сондай-ақ, 150 кг күріш пен шай беруді сұрап отыр.

Сондай-ақ, ел үкіметі халықаралық қауымдастықты құрылыс материалдарымен, атап айтқанда, цемент, шифер, кірпіш және бояу беруге көмектесуді шақырды. Жалпы алғанда жер сілкінісінің зардаптарын жою үшін мұндай материалдардың шамамен 4 тоннасы қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны