07.03.2008, 11:05 3230

БҰҰБЖ сарапшылары барлық қазақстандықтарды 8 наурызда бәйшешектерді құртпауға шақырды

БҰҰБЖ сарапшылары барлық қазақстандықтарды 8 наурызда бәйшешектерді құртпауға шақырды

Алматы. 7 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Таулы агробиологиялық түрлерді сақтау жөнінде Біріккен Ұлттар ұйымының бағдарламалар жобасының сарапшылар тобы барлық қазақстандықтарға 8 наурызда Қазақстанның қызыл кітабына енген бәйшешек гүлін әйелдерге сыйламауды сұрады, деп хабарлайды агенттік БҰҰБЖ қазақстандағы өкілдігіне сілтеме жасай отырып.

"БҰҰБЖ сарапшылары барлық әйелдерді мерекесімен құттықтап, бәйшешектерді жаппай теруді құптамай, сатып құртуға тыйым салуды сұрады Сондай-ақ, бұл сирек кездесетін өсімдікті болашақ ұрпаққа сақтап қалуға шақырды ", - деп хабарлайды БҰҰБЖ.

Бәйшешек, оны алатау жауқазыны деп атайды.Ол жоңғар Алатауында, Қаратауда, Солтүстік және Батыс Тянь-Шанда өседі.Алматы қорығы мен Іле Алатау ұлттық паркі қызметкерлерінің бақылаулары бойынша, тұрғындар тарапынан бәйшешектер көп терілгендіктен, соңғы он жылда жауқазындар қаладан 5-7 шақырымға тау жаққа көшіп кеткен.

Қызыл кітапқа енген бәйшешекті теру заңсыз. Рұқсатсыз жұлынған әрбір бәйшешек үшін 0,5 АЕК көлемінде немесе 584 теңге айып пұл салынады. Былтыр 10-15 жауқазыннан құралған гүл шоқтары 300 теңге тұратын. Сонымен тек Алматы облысы бойынша заңсыз жұлынып алынған гүлдерді сату арқылы тұрғындардың табатын табысымен салыстырғанда, келтірілген зиян шығыны 20 есе жоғары болып отыр.

"Қазақстанда табиғи ортада таулы агробиотүрлерін сақтау" атты БҰҰБЖ , Жаһандық экологиялық қоры мен ҚР үкіметінің бірлескен жобасының негізгі мақсаты әлемдік және ұлттық маңызы бар биологиялық өсімдіктердің түрлерін сақтау және пайдалану болып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны