11.04.2008, 13:43 3837

БҰҰДБ халықаралық атқару кеңесі Қазақстанға 2015 жылға дейін ауылды жерлерде тұратын адамдардың кедейшілік деңгейін екі есеге төмендетуді ұсынды

БҰҰДБ халықаралық атқару кеңесі Қазақстанға 2015 жылға дейін ауылды жерлерде тұратын адамдардың кедейшілік деңгейін екі есеге төмендетуді ұсынды

Алматы. 11 сәуір. "Қазақстан Бүгіня" - БҰҰДБ халықаралық атқару кеңесі Қазақстанға 2015 жылға дейін ауылды жерлерде тұратын адамдардың кедейшілік деңгейін екі есеге төмендетуді ұсынды. Бұл туралы бүгін Алматыда "БҰҰ Даму бағдарламасының халықаралық атқару кеңесі Қазақстанның әлеуметтік экономикалық жағдайы жөнінде" өткен медиа брифингте ҚР БҰҰ жүйесін үйлестіруші Хаолянь Шу мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Хаолянь Шу атап өткеніндей, бүгінгі кезде " жаңа мың жылдық қарсаңында Қазақстанның даму мақсатына байланысты мемлекеттік органдарымен қатынастар жасаудамыз ".

"Мысалы, біздің ұсынымыз бойынша 2015 жылға дейін ауылды жерлерде тұратын адамдардың кедейшілік деңгейін екі есеге төмендету керек. Өйткені, Қазақстан 1990 жылдан бері кедейшілікті жалпы қысқарту жөнінде мақсатына қол жеткізді, сондықтан қазіргі кезде жоғары дәрежені орнату бойынша жұмыс істеудеміз", - деді ол.

БҰҰДБ Малави елінің тұрақты өкілі Розелин Махмула кедейшілік деңгейін төмендетудің бірнеше тәсілдерін мысал ретінде келтірді. "Ірі кәсіпорындарға қосымша ретінде шағын несие бизнесі бар. Бұл ауылды жерлердегі кедейшілікті төмендетуге бағытталған амалдардың бірі болып табылады. Шағын несиеге қол жеткізу арқылы ауыл тұрғындары экономикалық даму жолына түсіп, өздерінің экономикалық хал ахуалын көтере алатын болады", деп түсіндірді ол .

"БҰҰ сараптары бойынша қазіргі кезді Қазақстанның кедейшілік деңгейі - 18,2% құрайды. Яғни, бұл адамдардың күн көріс деңгейі елде белгіленген көрсеткіштен төмен. 2005 жылы кедейшілік көрсеткіші 11% құраған. Ал Астана мен Алматы аудандарында бұл көрсеткіш 5-6 % немесе одан да төмен болуы мүмкін ", - деп атап өтті Хаолянь Шу.

Оның сөздері бойынша, ТМД елдері бойынша Қазақстанның кедейшілік көрсеткіштері төмен.

"Менің пікірімше, Қазақстан соңғы жылдары әлеуметтік -экономикалық даму саласы бойынша үлкен жетістіктерге жетіп, алға жылжыды.Мемлекеттік органдардың ресми деректері бойынша жан басына шаққанда ЖІӨ көрсеткіші 2008 жылдың басында $6700 құрады. БҰҰДБ дайындайтын жаһандық адам дамуының индексі қорытындылары бойынша осындай есеп жүргізілген мемлекеттер арасында Қазақстан 79 орынды иемденді. Ал 2007 жылғы адам даму жөніндегі қорытынды құжаты бойынша Қазақстан алты орынға жоғарылап, енді 73 орында тұр ", - деп атап өтті Хаолянь Шу.

"Біздің жүргізген сараптамаларымыз бойынша мұндай үрдістің орын алуына екі жағдай себеп болып отыр. Біріншісі, тұрғындардың тапқан табысының жоғарлауы, ал екіншісі Қазақстанда адамдардың өмір сүру жасының ұзарғандығы", - деп айтты ҚР БҰҰ жүйесін үйлестіруші.

Гаити Республикасының БҰҰДБ тұрақты өкілінің орынбасары, елші Мари Л. Пинс-Мевс атап өткеніндей, БҰҰ тұрақты даму Бағдарламасының кеңесі республика үкіметінің арнайы шықыруымен келді. Сапардың негізі мақсаты халықаралық қауымдастық өкілдерін Қазақстанның әлеуметтік -экономикалық жағдайымен таныстырып, адам дамуының қарқындылығын танып білу. Тұрақты кеңес өкілдерінің сапары нәтижесінде олар Қазақстан үкіметіне елдегі тұрақты даму деңгейі жөнінде қорытындысын тапсырады.

"Біз қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, шағын несие беру мен өмір сүру жауапкершілігі сияқты салаларында жұмыс істейтін түрлі мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездестік ", - деді Гаити Республикасының БҰҰДБ тұрақты өкілінің орынбасары, елші Мари Л. Пинс-Мевс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны