08.05.2018, 21:33 3946

БҰҰДБ мен ЕО делегациясы Ақтөбедегі гидротехникалық құрылыс жүйесін және жергілікті агро-өнеркәсіптік кешенді аралап көрді

Бұл шараны өткізудіӊ мақсаты Ақтөбе облысында су тасқынынан қорғануда заманауи технологияларды іс жүзінде қолданудыӊ жолдарымен таныстыру және қонақтардыжергілікті агро-өнеркәсіптік кешенмен және әлеуметтік маӊызды жобаларымен таныстыру болды.

Ақтөбе. 8 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісі және БҰҰ даму бағдарламасыныӊ тұрақты өкілі Норимаса Шимомура мырза мен Еуропалық Одақтыӊ Ынтымақтастық бөлімініӊ Қазақстандағы делегациясыныӊ басшысы Йоханнес Стэнбэк мырзалар Ақтөбе облысында болды. Делегация Еуропалық Одақ пен БҰҰДБ "Ақтөбе облысындағы гидротехникалық құрылысты кешенді қолдану және қауіпсіздік" атты бірлескен пилоттық жоба аясында орнатқан жаӊа ерте алдын-алу жүйесін аралап көрді. Делегация сондай-ақ агро-өнеркәсіптік кешенді және Ақтөбе қаласыныӊ әлеуметтік маӊызды жобаларын да аралады. Делегацияныӊ келуін Ақтөбе облыстық әкімшілігі ұйымдастырып отыр.

Бұл шараны өткізудіӊ мақсаты Ақтөбе облысында су тасқынынан қорғануда заманауи технологияларды іс жүзінде қолданудыӊ жолдарымен таныстыру және қонақтардыжергілікті агро-өнеркәсіптік кешенмен және әлеуметтік маӊызды жобаларымен таныстыру болды.

Қазақстан өзініӊ географиялық орналасуы мен климаттық жағдайларға байланысты қоршаған ортаға әсерін беретін тәуекелдерді қоса алғанда көптеген табиғи апаттарға ұшырайды және де ондай құбылыстар ел экономикасына әсерін тигізбей қоймайды. Қазақстан Республикасыныӊ Төтенше Жағдайлар Министрлігініӊ деректеріне сүйенсек 1994 жылдан бері Қазақстанда 320,000 астамтөтенше оқиғалар орын алған екен, сондай апаттардыӊ нәтижесінде зардап шеккендердіӊ саны 250 мыӊ адамнан асыпболған. 2000 жылғыдеректерге сай жыл сайын төтенше жағдайлардан келетін тікелей немесе жанама зардаптар жылына шамамен 25 миллино теӊгені құрайды.

Гидротехникалық құрылыстардыӊ қауіпсіздігі төтенше жағдайлардыӊ алдын алуда өте маӊызды рөл атқарады. Дамбалардыӊ қирауы адам өліміне немесе адамдардыӊ денсаулығына төнетін қауіп қатерлер, сондай-ақ қоршаған ортаға келетін зиян сияқты ауыздықтауға келмейтін салдарға әкеп соғады. 2012 жылдыӊ наурыз айында Оӊтүстік Қазақстан облысында орын алған күшті су тасқыны бір миллиард теӊгеден астам залал келтірді, ал Ақтөбе облысында 2017 жылдыӊ сәуір айында болған су тасқыныныӊ нәтижесінде Ақтөбе және Сазды су қоймаларындағы судыӊ деӊгейі секундына 790 м? жылдамдықпен көтерілгенде700-ден астам адам эвакуацияланды. Бұндай көрсеткіш 1990 жылдардыӊ соӊында ғана байқалған екен.

Төтенше жағдайлар кезінде залалды азайтуда маӊызды факторлардыӊ бірі су тасқыны қаупі туралы дереу және уақтылы ескерту болып табылады. Аталған жобаныӊ аясында тараптар су тасқыны қаупі туралы мәліметтерді жинақтауға, өӊдеуге және жедел басқару орталығына жөнелтуге арналған автоматтандырылған жүйе орнатты. Қысқаша айтқанда автоматтандырылған жүйе көтеріліп келе жатқан су деӊгейі туралы ескертетін сенсорлар мен индикаторлар жиынтығынан тұрады.

"Ақтөбе су қоймасындағы ескерту және мониторинг жүйесін автоматтандыру төтенше жағдайлар кезінде адам өмірін құтқару мен келтірілетін залалдыӊ мөлшерін азайтуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, мен жергілікті билікпен бірлесе әрекет етудіӊ, әсіресе ауылшаруашылық саласында көптеген мүмкіндіктерін байқағаныма қуаныштымын" дейдіНоримаса Шимомура, Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісі және БҰҰ даму бағдарламасыныӊ тұрақты өкілі.

Сонымен қатар, дипломатиялық миссиялардыӊ өкілдері жергілікті агроөнеркәсіптік кешенге бару мүмкіндігіне ие болды, онда олар "Ақтеп" мал шаруашылығы кешенімен танысты. 2012 жылдан бастап кешені жергілікті тұтыну және экспорт үшін вакуумдық орауышпен сиыр етін өндіреді. Делегация Ақтөбедегі тағы бір мал шаруашылығы фермасы шошқа етін өндіруге, өӊдеуге және сатуға ХХI Париж Коммуналы фермасын көріпті. Сонымен бірге, Ақтөбе облысыныӊ әкімдігі әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсететін "Шалғайдағы адамдарға қолдау көрсету қоры" әлеуметтік жобасын көрсету туралы шешім қабылдады.

"Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өте өзара тиімді ынтымақтастық бар, біз жақсы сауда серіктестері болып табыламыз. Жақында Қазақстанда біз қоршаған ортаны қорғау стандарттарын орнықтырып, "жасыл" экономиканы алға жылжыта алатын орнықты дамуға баса назар аудардық ", - деді Йоханнес Стэнбэк.

БҰҰДБ дағдарыстарға төтеп беріп, барлық адамдардыӊ өмірін жақсартуға бағытталған дамуды қолдайтын мемлекет құру мақсатында қоғамныӊ барлық деӊгейіндегі азаматтармен бірігіп жұмыс істейді. Илемніӊ 170 астам мемлекеттері мен аумақтарда біз адамдардыӊ өмірін жақсартып, қиындықтарға төтеп бере алатын қоғам құру үшін жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып жаһандық мүмкіндіктерді ұсынамыз.

Еуропалық Одақ өздерініӊ ноу-хау, ресурстарын және тағдырларын біртіндеп біріктіруге шешім қабылдаған 28 мүше мемлекеттерден құралған ұйым. Біріге отырып 60 жылға созылған ұлғаю кезеӊі ішінде олар мәдени ерекшеліктерді, төзімділік және жеке бастыӊ бостандығын сақтай отырып Еуропалық одақ тұрақтылық, демократия және тұрақты даму аумағын құра білді. Еуропалық Одақ өзініӊ шекарасынан тыс жерлердегі әлемніӊ басқа мемлекеттерімен өзініӊ жетістіктерімен және құндылықтарымен бөлісуді мақсат тұтады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны