16.08.2006, 18:56 3041

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссарының басқармасы Қазақстанның өзбек босқынын аталмыш басқарманың өкілдеріне табыс етуін қолдайды

АЛМАТЫ. 16-тамыз. Kazakhstan Today. БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссарының басқармасы Қазақстанның өзбек босқыны Габдурафих Темірбаевты БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссарының басқармасы өкілдеріне табыс етуін қолдайды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне БҰҰ Даму бағдарламасының Алматыдағы ақпараттық орталығынан хабарлады.

Ақпараттық орталықтың мәліметіне сәйкес, Г.Темірбаев 1999-жылдан бері Қазақстанда тұрған. 2006-жылдың маусым айында ол БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссарының басқармасының мандаты бар босқын деп танылды. Осыған байланысты оның лаңкестікке қатыстылығы жөніндегі Өзбекстан жағының эксрадициялау жөніндегі сұранымы бойынша маусымның аяғында Қазақстан оны қамауға алған болатын.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссарының басқармасы Қазақстан өкіметі өкілдерімен бірлесе отырып, оған қатысты істі мұқият тексеру арқылы Г.Темірбаевқа тағылған айыптың негізсіз екенін және босқынның халықаралық қолдаудан мұқтаж екенін анықтады. БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссарының басқармасы Өзбекстан азаматының босқын деген мәртебесін растады. Өзбекстанға қайтқан жағдайда оның өміріне нақты қауіп төніп тұр, деп санайды басқарма. Экстрадициялау туралы сұраным жасауға негіз болған дәлелдерді жеткіліксіз деп тапқан Қазақстан Өзбекстанның өтінішін қанағаттандырмады.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссарының басқармасы өкілдерінің пікірінше, Қазақстан үкіметі сол арқылы өзінің босқындар туралы 1951-жылғы конвенция ережелерін қолдайтынын тағы бір дәлелдеп отыр. Онда бірде-бір босқан өзінің туған еліне күшпен қайтарылуға тиіс емес делінген. БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссарының басқармасы өкілдерінің пікірінше, бұл Орталық Азия аймағында жалпы алғанда босқандарға қатысты ахуал нашарлай түскен қазіргі таңда айрықша маңызды. Өткен аптада Қырғызстан өкіметі, БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссарының басқармасы өкілдерінің пікірінше, Босқандар жөніндегі 1951-ші жылғы конвенцияны өрескел бұза отырып былтырғы жылдың мамыр айындағы Индіжан оқиғаларынан кейін елге қашып келген бес босқынды Өзбекстанға қайтарып берді. Өзбекстанның бес азаматының төртеуінде босқын мәртебесі, ал бесіншісінде бас сауғалаушы деген мәртебе болған. Оларға ресми Ташкент аса ауыр қылмыстар жасаған деген айып тағып отыр.

Г.Темірбаев БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссарының басқармасы өкілдеріне Алматы халықаралық әуежайында табысталып, бұдан кейін ол отбасымен бірге Батыс Еуропаның бір еліне тұрақты тұруға ұшып кетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны