10.06.2008, 12:39 1293

БҰҰ-ның Орталық Азиядағы нысаналы дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының жетекшісі өзінің міндетін атқаруға кірісті

БҰҰ-ның Орталық Азиядағы нысаналы дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының жетекшісі өзінің міндетін атқаруға кірісті

Алматы. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ Бас хатшысының арнаулы өкілі әрі БҰҰ-ның Орталық Азиядағы нысаналы дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының жетекшісі Мирослав Йенча 9 маусымда өзінің міндетін атқаруға кірісті. Бұл туралы

БҰҰ баспасөз хатшысы Мишель Монтас Нью-Йоркте өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

Өңірлік орталық Түрікменстан астанасы Ашхабадта өткен жылдың желтоқсан айында ашылған. Ол БҰҰ хатшылығының саяси мәселелер жөніндегі депаратменті таяу уақыттарда ашуды жоспарлап отырған бес өңірлік өкілдіктің біріншісі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны