20.01.2015, 14:44 4222

Бұзақы жолаушыныӊ мінез-құлқы

Аталған азамат әуе кемесініӊ бортында алкогольді мас күйінде бола тұрып, қоғамдық тәртіпті бұзған және жолаушылар мазасын алған. Жолсеріктер мен полиция қызметкерлеріне балағат сөздер айтып, өз әрекетімен қоғамға деген құрметтемеушілігін көрсеткен.

Астана. 20 қаӊтар. Kazakhstan Today - Есіл ауданыныӊ №2 аудандық сотында ҚР ҚК-ніӊ 320 бабыныӊ 1-бөлігі бойынша айыпталған Г.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық істіӊ материалдары бойынша Г. атты Өзбекстан азаматы Астананыӊ халықаралық әуежайында "Астана-Ташкент" халықаралық әуе сапарын рәсімдеу барысында бұзақы жолаушы ретінде сапардан түсіріп алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған азамат әуе кемесініӊ бортында алкогольді мас күйінде бола тұрып, қоғамдық тәртіпті бұзған және жолаушылар мазасын алған. Жолсеріктер мен полиция қызметкерлеріне балағат сөздер айтып, өз әрекетімен қоғамға деген құрметтемеушілігін көрсеткен.

Сот, іс материалдарын зерттеп сотталушыны кінәлі деп таныды және оған 100 айлық есеп көрсеткіш түріндегі - яғни, 185 200 теӊгені құрайтын жаза тағайындады.

Үкім заӊды күшіне енді.

Қайнар: Астана қалалық сотыныӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны