20.02.2015, 16:24 4460

БЖЗҚ анықтамасы енді eGov порталында қолжетімді

Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қорыныӊ салымшылары электронды үкімет порталында инвестициялық кірісі көрсетілген зейнетақы жинақтарыныӊ жағдайы туралы ақпаратты ала алады

Астана. 20 ақпан. Kazakhstan Today - Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қорыныӊ салымшылары электронды үкімет порталында инвестициялық кірісі көрсетілген зейнетақы жинақтарыныӊ жағдайы туралы ақпаратты ала алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгінгі күні eGov пайдаланушыларыныӊ Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтыӊ (ЗТМО) анықтамаларын алуға мүмкіндігі бар, онда зейнетақы аударымдарыныӊ сомасы кіріссіз көрсетілген.

Анықтаманыӊ жаӊа түрінде салымшыныӊ зейнетақы жинақтарыныӊ жағдайы, жеке зейнетақы шоттағы қаражаттыӊ қозғалысы, зейнетақы жарналарыныӊ түсуі, зейнетақы төлемдерініӊ жүзеге асуы, сондай-ақ инвестициялық кіріс туралы ақпарат бар.

"Бұрынғы ЗТМО электрондық анықтамасы салымшыныӊ зейнетақы шотындағы қозғалысты көрсеткен, бірақ онда инвестициялық кіріс көрсетілмеді. ЕЖЗҚ жаӊа анықтамасы, соныӊ ішінде салымшы белгілі уақыттыӊ ішінде қандай кіріс немесе шығын алғандығын көрсетеді", - деп "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Руслан Еӊсебаев хабарлайды.

Қызмет www.egov.kz порталы "Азаматтар" категориясы - "Илеуметтік қамтамасыз ету" тарауы - "Зейнетақылық қамтамасыз ету" бөлімінде қол жетімді. Қызметті алу үшін электрондық цифрлық қолтаӊба және электрондық үкімет порталында тіркелу қажет. Қызмет көрсету мерзімі 30 минуттан аспайды.

"БЖЗҚ ақпараттық жүйелері мен электрондық үкімет порталын біріктірудіӊ басты мақсаты - бұл жинақ туралы барлық ақпаратты қадамдық қол жетімділікте алу мүмкіндігі. Енді әр салымшы өзініӊ зейнетақы жинақтауларын дұрыс бақылай алады", - дейді "БЖЗҚ" АҚ басқарма төрағасыныӊ орынбасары Руслан Ерденаев.

2014 жылқорытындысы бойынша, eGov арқылы ЗТМО зейнетақы жинақтарыныӊ жағдайы туралы электрондық анықтамасы 4 млн. астам мәрте алынды. Аталған анықтама салымшылардыӊ жеке мақсаттары, сондай-ақ банк несиесін алу немесе салық декларациясын толтыру үшін қолданыла алады.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны