18.02.2016, 16:35 4207

БЖЗҚ WhatsApp арқылы тараған ақпаратты жоққа шығарды

Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қоры 1 наурызға дейін біржолғы төлемдер беріледі деген мессенджерлерде тараған ақпаратты жоққа шығарды. "БЖЗҚ" АҚ басқарма төрағасы Руслан Ерденаев бұл мәліметтіӊ шындыққа жанаспайтынын айтты

Астана. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қоры 1 наурызға дейін біржолғы төлемдер беріледі деген мессенджерлерде тараған ақпаратты жоққа шығарды. "БЖЗҚ" АҚ басқарма төрағасы Руслан Ерденаев бұл мәліметтіӊ шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Айта кетейік, WhatsApp-та 1953-1967 жылдары туған ер адамдар мен 1957-1966 жылдары дүниеге келген әйелдерге біржолғы төлемдер беріледі деген ақпарат жаппай тараған болатын. Өйткені, азаматтар зейнетақыныӊ сақтандыру бөлігіне ақша аударып келіпті-міс. Тек төлемақы алу үшін 1 наурызға дейін БЖЗҚ-ға өтініш жазу керек, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Кеше мессенджерлерде белгілі бір жастағы әйелдер мен ер адамдарға біржолғы төлемдер беріледі деген ақпарат жаппай тарады. Мен, бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қорыныӊ өкілі ретінде бұл ақпаратты жоққа шығарғым келеді. Түрлі мессенджерлер бойынша тараған мәлімет шындыққа сәйкес келмейді", - деп мәлім етті бүгін "БЖЗҚ" АҚ басқарма төрағасы Руслан Ерденаев.

Оныӊ айтуынша, қазіргі уақытта бұл ақпарат тиісті құқық қорғау органдарына жолданған, олар жалған мәліметті жаппай таратқан адамдады анықтайтын болады.

"Қазақстанда барлық зейнетақы төлемдері қатаӊ түрде тиісті заӊнамаға сәйкес жүргізілетінін атап өткім келеді. Заӊ бойынша 1 наурызға дейін ешқандай біржолғы төлемақы қарастырылмаған", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны