14.03.2007, 15:01 3116

"Caspian Oil&Gas 2007" жыл сайынғы көрмесі Бакуде маусымның басында өтеді

БАКУ. 14-наурыз. Kazakhstan Today. Жыл сайын өтетін "Каспийдің мұнай және газ, мұнай өңдеу мен мұнай химиясы" (Caspian Oil&Gas 2007) көрмесі Бакуде маусымның 5 мен 8-і аралығында өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Он төртінші рет өткелі отырған көрмені "ITE Group" және "Iteca Caspian" компаниялары ұйымдастырады. Ағымдағы жылы көрмеге әлемнің 30 елінен 400-ден астам компания қатысады деп күтілуде, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне "Iteca" компаниясынан.

"Экспозиция алаңы өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға кеңейген. Сонымен қатар, экспозицияның шамамен 10 пайызын бұрындары ешқашан Изербайжанның нарығына шықпаған жаңа компаниялар құрайды",- деп атап өтті компаниядағылар.

Сондай-ақ, осы жылы аталмыш көрме аясында бірінші рет бірінші мұнай газ саласындағы бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Жәрмеңкеде мұнай-газ кәсіпорындарының операторлар мен қызмет көрсетушілердің атынан қатысатын қызметкерлерді іріктеу жөніндегі мамандар, аймақтық және халықаралық мұнай газ компанияларында белсенді жұмыс істеуге ниеті бар мұнай газ саласындағы тәжірибелі мамандарды іздеуге мүмкіндік алады.

"Жәрмеңке Каспий өңіріндегі бос жұмыс орындарының нарығын зерделеуге тартылған барлық компаниялар мен жұмыс берушілер үшін екі жақтың мұқтаждығын білуге және бетпе-бет кездесулерін ұйымдастыруға жақсы мүмкіндік тудырады",- деп атап өтті "Iteca". "Мұнай газ индустриясы саласындағы жоғарғы оқу орындары мен арнайы дәрістерді бітіріп шыққан түлектерге аса көңіл бөлінеді",- деп атап көрсетті компаниядағылар.

Сондай-ақ, көрме аясында 6 - 7 маусында "Изербайжанның Каспий теңізіндегі мұнайгаз операцияларын стратегиялық дамытудағы рөлі" тақырыбындағы конференция өтпек. Конференцияға мұнай, көлік компанияларының, холдингтер мен сақтандыру компанияларының, банктер мен т.б. өкілдері қатысады.

2006 жылы "Caspian Oil&Gas 2006" көрмесіне әлемнің 33 елінен 360 компания қатысқан болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны