13.08.2026, 15:41 34471
Caspian Sea Action Week Маңғыстауда сегіз елдің волонтерлерінің басын қосты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Маңғыстау облысында "Caspian Sea Action Week - 2026" халықаралық волонтерлер апталығы аяқталды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінен.
Жабылу рәсіміне сегіз елдің, яғни Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Иран, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстанның өкілдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық сарапшылар, экологтер, волонтерлер мен жастар көшбасшылары қатысты.
Апталық аясында "Бір Каспий - бір болашақ" сараптамалық сессиясы, "Caspian Clean Challenge" халықаралық экологиялық марафоны, "Достық аллеясының" ашылу рәсімі, сондай-ақ экологиялық, мәдени-ағартушылық және жастарға арналған бірқатар іс-шара өтті.
Апталықтың басты оқиғаларының бірі - халықаралық "Caspian Hackathon" байқауы болды. Оған қатысушылар экология және орнықты даму салаларындағы жобаларын ұсынды. Жабылу рәсімінде байқау жеңімпаздары жарияланып, үздік шешімдердің авторлары марапатталды.
Сонымен қатар іс-шара барысында волонтерлердің "Volunteers of the World" халықаралық гимні алғаш рет таныстырылды.
Естеріңізге сала кетсек, 7 тамызда Ақтау қаласында Каспий экожүйесін сақтауға арналған халықаралық іс-қимыл апталығы басталған болатын. Іс-шара Каспий теңізінің экожүйесін сақтау және экологиялық ынтымақтастықты дамыту жолында волонтерлер мен халықаралық ұйымдардың күш-жігерін біріктіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
16.09.2026, 18:03 1636
Қазақстандықтарға Грузияда жұмыс істеудің жаңа ережелері туралы ескертілді
Достарға айту
2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап шетел азаматтарының Грузия заңнамасында көзделген еңбек қызметін жүзеге асыру құқығынсыз жұмыс істеуі елден шығарып жіберуге негіз болатын жағдайлардың тізіміне енгізілді. Бұл туралы брифинг барысында Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді.
Қазақстан азаматтары үшін Грузияға кіру және онда болудың визасыз режимі сақталады. Қазақстандықтар елде бір жылға дейін визасыз бола алады.
Сонымен қатар, СІМ визасыз режим тек Грузияға кіруге және ел аумағында болуға құқық беретінін, алайда еңбек қызметімен айналысуға рұқсат етпейтінін атап өтті.
Тиісті рұқсатсыз ақылы жұмыс істегені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Шетел азаматы елден шығарылуы да мүмкін. Елден шығарылған жағдайда оның Грузияға қайта кіруіне екі жылдан бес жылға дейін тыйым салынуы ықтимал.
Осыған байланысты Грузияда жұмысқа орналасуды, кәсіпкерлікпен немесе өзге де ақылы қызметпен айналысуды жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарына мұндай қызметті бастамас бұрын Грузия заңнамасында көзделген жұмыс істеу құқығының бар екеніне көз жеткізу қатаң түрде ұсынылады.
СІМ қазақстандықтарды Грузияның заңнамасы мен көші-қон ережелерін қатаң сақтауға, сапар мақсатына байланысты талаптарды алдын ала нақтылауға және айыппұл салуға, елден шығаруға әрі кейіннен қайта кіруге шектеу қоюға әкеп соғуы мүмкін заң бұзушылықтарға жол бермеуге шақырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.09.2026, 13:50 7846
Қазанда Air Astana ұшақтарында интернет іске қосылады деп жоспарлануда
Достарға айту
Air Astana әуе компаниясының интернетке қолжетімді ұшақтары қазан айында пайда болуы мүмкін, деп мәлім етті Үкіметте өткен брифинг барысында Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков.
"Air Astana ұшақтарда интернетті іске қосуды жоспарлап отыр. Біздің тарапымыздан тиісті заңнамалық түзетулер қабылданды, маусым айында президенттің Жарлығы шықты. Яғни, қазір интернетті іске қосуға болады, ешқандай кедергі жоқ. Біз Air Astana-мен бұл мәселені белсенді түрде пысықтап жатырмыз және қазан айында интернеті бар алғашқы ұшақтар пайда болады деп күтудеміз", - деді Сейсембеков.
Әзірге интернетке қолжетімділік әуе билетінің құнына кіре ме, әлде жолаушылар бұл қызмет үшін бөлек ақы төлей ме, белгісіз.
Комитет басшысының айтуынша, бұл мәселе әуе компаниясының құзыретінде болмақ.
"Төлем мәселесін Air Astana-дан нақтылаған дұрыс шығар. Олардың мәлімдеуінше, бонустық жүйелері мен адалдық бағдарламалары бар. Бұл мәселе біздің құзыретімізге жатпайды", - деп түсіндірді Сейсембеков.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.09.2026, 14:00 15541
Алматыда 18 қыркүйекке дейін электр энергиясы өшіріледі
Достарға айту
Алматыда 14-18 қыркүйек аралығында электр энергиясын жоспарлы түрде өшіру жұмыстары жүргізіледі. Жарық көбіне сағат 08.00 немесе 09.00-ден 17.00-ге дейін өшіріледі. Тиісті кесте "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ парақшасында жариялады.
14 қыркүйекте сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін шектеулер Қазыбек би, Сейфуллин, Әйтеке би, Амангелді, Васнецов, Тілендиев, Төле би, Волховская, Шагабутдинов, Мұратбаев, Жандосов, Розыбакиев, Егізбаев көшелері мен 19-шы желіні қамтиды деп күтілуде. Сондай-ақ, Алғабас, Теректі, Ақжар және Таусамалы шағынаудандарында электр энергиясын өшіру жоспарланған.
Дәл осы күні сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін Көк-Қайнар және Самғау шағынаудандарының жекелеген учаскелері, сондай-ақ Мәмбетов, Татулық, Ақсұңқар, Арычная, Көкшоқы, Лесная, Панфилов көшелері және басқа да мекенжайлар уақытша электр энергиясынсыз қалады.
15 қыркүйекте сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін Құрманғазы, Абылай хан, Шевченко, Желтоқсан, Абай, Чайковский, Жамбыл, Мәуленов, Қабанбай батыр, Сейфуллин, Әйтеке би, Мирзоян, Гоголь, Исаев, Бутлеров, Есенжанов және Түркебаев көшелерінде электр энергиясы өшіріледі. Жұмыстар Алғабас және Ақжар шағынаудандарында да жоспарланған.
Көк-Қайнар және Байбесік шағынаудандарын қоса алғанда, тағы бірқатар мекенжайда электр энергиясы сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін өшіріледі.
16 қыркүйекте сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін Шевченко, Мұқанов, Жамбыл, Байзақов, Васнецов, Тілендиев, Төле би, Исаев, Қазыбек би, Нұрмақов, Айтиев, Мыңбаев, Абай және Әуезов көшелерінде электр энергиясы өшіріледі. Шектеулер Қарағайлы, Ақжар, Алғабас және Таусамалы шағынаудандарын да қамтиды.
16 қыркүйекте сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін Марков, Огородная, Лысенко, Шумная, Ғабдуллин, Римский және Байтұрсынов көшелерінде, сондай-ақ Томирис шағынауданында электр энергиясын өшіру жоспарланған.
17 қыркүйекте сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін Мыңбаев, Клочков, Абай, 8-ші желі, Бутлеров, Есенжанов, Түркебаев, Шәкәрім, Рахманинов, Құлымбетов, Тұрғыт Өзал, Аносов, Қарасай батыр, Бруно, Сәтбаев және Брусиловский көшелерінің жекелеген учаскелері электр энергиясынсыз қалады. Жұмыстар Таусамалы, Тастыбұлақ, Ақжар және Қарағайлы шағынаудандарында да жүргізіледі.
Сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін Нұр Алатау шағынауданында, сондай-ақ Науаи көшесіндегі жекелеген мекенжайларда электр энергиясы өшіріледі.
18 қыркүйекте сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін Мыңбаев, Әуезов, Абай, 8-ші желі, Васнецов, Тілендиев, Төле би, Гайдар, Рахманинов, Шәкәрім, Гайдар, Құлымбетов, Панфилов, Құрманғазы және Бәйсейітова көшелерінде электр энергиясы өшіріледі. Шектеулер Қалқаман-2, Ақжар, Қарағайлы және Құрамыс шағынаудандарында да жоспарланған.
Сонымен қатар, сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін Науаи, Жаңаарқа, Нагорная, Құлан, Ботақара, Аршалы, Темірқазық, Ахтанов, Ботаническая, Дарвин, Дегтярев, Жансүгіров, Ломоносов, Маяковский, Озерная және Қоянды көшелерінің жекелеген учаскелерінде жұмыстар жүргізіледі.
Компанияның түсіндіруінше, электр энергиясын өшіру күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, мердігерлік жұмыстарға және электр желілерінде анықталған ақауларды жоюға байланысты.
Бұған дейін Алматыда электр энергиясы жаппай өшірілген болатын. Блэкаут салдарынан метро уақытша тоқтап, кейбір аудандарда сумен жабдықтауда іркілістер туындады және бағдаршамдар өшіп қалды.
KEGOC мәліметінше, ақау Тоқтоғұл су электр станциясындағы екі гидрогенератор өшірілгеннен кейін болған. Бұл Солтүстік - Шығыс - Оңтүстік транзитінің шамадан тыс жүктелуіне және оңтүстік аймақтың Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесі мен Орталық Азияның энергия жүйелерінен бөлінуіне әкелді. Электр энергиясының өшуі еліміздің сегіз облысын қамтыды.
Кейін электрмен жабдықтау қалпына келтірілді. Алматы метрополитені қалыпты режимде жұмысын қайта бастады. Әкімдік мәліметінше, электр энергиясы қалпына келтірілгеннен кейін қаладағы бағдаршамдардың 90 пайызы да қалыпты режимде жұмыс істеді.
Айта кетейік, алматылықтар аптап ыстықта пәтерлерде, кеңселерде, әлеуметтік мекемелерде және қаланың басқа да нысандарында кондиционерлердің көптеп қолданылуына байланысты электрмен жабдықтау жүйелеріне шамадан тыс жүктеме түсетініне үнемі алаңдаушылық білдіреді.
Қала тұрғындары аптап ыстық кезінде бірнеше рет жарықсыз қалып, тоңазытқыштар, кондиционерлер, сорғылар және басқа да техникаларды пайдалана алмады. Сонымен қатар, мобильді байланыс, интернет және адамдарға қажетті өзге де мүмкіндіктер қолжетімсіз болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.09.2026, 12:19 16256
Таиланд шетел азаматтары үшін визасыз режимнің мерзімін қысқартады
Сурет: ЖИ
Достарға айту
Таиланд бірқатар мемлекеттердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін визасыз болу мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқартады, деп хабарлайды Қазақстанның Таиландтағы елшілігінің баспасөз қызметінен.
Өзгерістер Таиланд Министрлер кабинетінің 2026 жылдың 15 қыркүйегінде күшіне енетін шешіміне байланысты. Осыдан кейін Қазақстан азаматтарына Қазақстан мен Таиланд үкіметтері арасындағы ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім қолданылады.
"Келісімге сәйкес, Қазақстан азаматтары Таиланд аумағында елге кірген күннен бастап 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз бола алады, бұл ретте әрбір 180 күндік кезең ішінде болудың жиынтық мерзімі 90 күнтізбелік күннен аспауға тиіс", - деп жазылған хабарламада.
Таиландқа сапар жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарына көші-қон режиміндегі өзгерістерді ескеру ұсынылады. Елде 30 күннен астам уақыт болу қажет болған жағдайда, тиісті визаны алдын ала рәсімдеу қажет.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.09.2026, 10:09 16901
Сот құрылыс компаниясынан сатып алушының пайдасына 10,5 млн теңге өндіріп алу туралы шешім шығарды
Достарға айту
Кассациялық сот құрылыс компаниясынан жылжымайтын мүлік сатып алған Алматы тұрғынының құқығын қорғап, міндеттемелерді орындау мерзімін бұзғаны үшін оның пайдасына 10,5 млн теңге тұрақсыздық айыбын өндіру туралы шешім қабылдады алды, деп хабарлайды Жоғарғы соттың баспасөз қызметінен.
2021 жылы Алматы қаласының тұрғыны құрылыс салушымен пәтер, тұрғын емес үй-жай және автотұрақ орнын сатып алу туралы үш алдын ала шарт жасасқан. Сатып алушы олардың құнын толық төлеген. Құрылыс салушы құрылыс жұмыстарын аяқтап, негізгі сатып алу-сату шарттарын 2023 жылдың соңына дейін жасасуға міндеттенген.
Алайда іс жүзінде нысан пайдалануға тек 2024 жылғы қазанда берілген. Қабылдау-тапсыру актілеріне 2025 жылғы қаңтарда қол қойылып, ал негізгі сатып алу-сату шарттары 2025 жылғы наурызда жасалған. Осыған байланысты сатып алушы сотқа жүгінген.
Сатып алушы құрылыс салушының нысандарды пайдалануға беру және негізгі шарттарды жасау мерзімдерін бұзғанын көрсетіп, міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алғаны үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп беруді талап еткен.
Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар талап қоюды қанағаттандырудан бас тартқан. Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот мұндай ұстаныммен келіспеді. Сот негізгі шарттың жасалуы оған дейін жол берілген шарт талаптарын бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті.
Сатып алушы төлем бойынша өз міндеттемелерін толық әрі уақтылы орындаған, ал құрылыс салушы нысандарды пайдалануға беру және негізгі шарттарды жасасу мерзімдерін бұзған. Бұл ретте шарттарда мерзімі өткен әрбір күн үшін жылжымайтын мүлік құнының 0,1 пайызы мөлшерінде, бірақ 10 пайыздан аспайтын тұрақсыздық айыбы қарастырылған.
Нәтижесінде бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың шешімдері күшін жойды. 10,5 млн теңге тұрақсыздық айыбын өндіру туралы жаңа шешім шығарылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.09.2026, 17:44 38286
Непалда жоғалған қазақстандық әйелдерге қатысты жаңа ақпарат жоқ - СІМ
Сурет: ЖИ
Достарға айту
Непалда су тасқынынан кейін жоғалып кеткен қазақстандық әйелдер туралы әзірге жаңа ақпарат жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып.
Су тасқыны болғаннан бері екі аптадан астам уақыт өтті.
Редакцияның іздеу жұмыстарының барысы туралы қойған сауалына жауап берген СІМ өкілі жағдайдың өзгермегенін және әзірге жаңа мәліметтердің жоқ екендігін мәлім етті.
Бұған дейін Непалда су тасқынынан кейін жоғалып кеткен Қазақстанның үш азаматын іздеу жұмыстарының жүргізіліп жатқаны хабарланған болатын.
Естеріңізге сала кетсек, 26 тамызда Непалдың шекаралас аудандары мен Қытайдың Тибет автономиялық ауданында жойқын су тасқыны болған.
Із-түзсіз жоғалғандар қатарында 20-дан астам елдің азаматтары бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.09.2026, 13:55 43566
Фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасы: сарапшы үй қасбетінің опырылу себебін атады
Сурет: Астана ТЖД видеосынан скриншот
Достарға айту
Астанада жедел жәрдем фельдшерінің қаза болуына әкеп соққан тұрғын үй қасбетінің опырылуының негізгі себебі құрылыс сапасының өте төмен болуы, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Мұның бәрі кенеттен болған жағдай емес, ұзақ уақытқа созылған белгілі. Опырылу жағдайы бірнеше фактордың жиынтық әсерінен болған, оның ішінде негізгі себеп ретінде құрылыс сапасының өте төмен болғандығында деп есептейміз", - деді сотта сөз сөйлеген "Астанатехнадзор" сарапшысы Дмитрий Воробьев.
Ол ғимараттың көп қабатты болуы да ықпал еткен факторлардың бірі болуы мүмкін екенін атап өтті.
Сонымен қатар, сот отырысы барысында прокурор Нұрдәулет Әбуов үйді басқару нысандарының бұрынғы төрағаларына қатысты Қылмыстық кодекстің 254-бабы "Міндеттеріне адал қарамау" бойынша жеке қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Прокурордың айтуынша, осы істі жүргізу аясында барлық қатысы бар тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін құрылыс салушы компанияның бұрынғы директорының неліктен күдікті болмағаны хабарланған еді.
Естеріңізге сала кетсек, қайғылы оқиға 2025 жылдың 8 қарашасында Астанадағы Тәуелсіздік даңғылында болды. Тұрғын үйдің қасбетінен сыртқы кірпіш қаптаманың бір бөлігі мен кондиционер бекітпесі опырылып түсті. Салдарынан бес адам зардап шекті.
Ұлдана Мырзуан оқиға орнына жедел жәрдем бригадасының құрамында келіп, зардап шеккендерге көмек көрсету кезінде ауыр жарақат алды. Дәрігерлер он күн бойы оның өмірі үшін күресті, алайда фельдшерді аман алып қалу мүмкін болмады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.09.2026, 15:08 54216
Қазақстандықтар Әзербайжанға Каспий арқылы пароммен бара алады
Сурет: facebook/Alim Bayel
Достарға айту
Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізі арқылы Құрық - Баку - Құрық паром желісі бойынша жолаушылар тасымалын қайта жандандыру жұмыстарын бастады. Бұл бағыттағы қатынас 2020 жылы COVID-19 пандемиясына байланысты тоқтатылған болатын, деп жазды Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел.
Қазақстан Әзербайжанға паром желісін қайта іске қосуды ұсынды. Әзербайжан тарапы бұл бастаманы қолдады, қазір екі елдің көлік ведомстволары жолаушылар қатынасын тез арада қайта жандандыру мәселесін пысықтап жатыр.
"Жақында біз Әзербайжанға Құрық порты - Баку порты - Құрық порты паром желісі бойынша жолаушылар тасымалын қайта жандандыруды ұсындық. Бұл тасымалдар 2020 жылға дейін жүзеге асырылып, COVID-19 пандемиясына байланысты тоқтатылған болатын. Тасымал тоқтатылғанға дейін Каспий теңізі арқылы жолаушылар тасымалын жылына шамамен 1500 адам пайдаланған. Алдағы кезеңде осы бағытпен саяхаттағысы келетіндер саны одан да көп болады деп ойлаймын", - деп жазды дипломат.
Оның пікірінше, паром желісін қайта іске қосу екі ел арасындағы жолаушылар қатынасын дамытуға серпін беріп, туристік алмасуды күшейтеді және Орта дәліздің мүмкіндіктерін кеңейтеді.
"Қазақстан мен Әзербайжан Каспийдегі жолаушылар тасымалын қайта жандандырады. Әзербайжан тарапы Қазақстанның ұсынысын қолдағанына қуаныштымын. Қазір екі елдің көлік ведомстволары жолаушылар қатынасын тезірек қайта жандандыру бойынша жұмыс бастап кетті", - деп атап өтті Байел.
Бүгінде Баку мен Қазақстанның Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау және Атырау қалалары арасында аптасына 37 әуе рейсі орындалады.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстан мен Әзербайжан Каспий арқылы жүк тасымалын кеңейтіп жатқаны хабарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
16.09.2026, 09:37Қазақстандық дипломаттар Екатеринбургте өткен Халықаралық жастар фестиваліне қатысты 16.09.2026, 10:49 11116Қазақстан мен Сербия әскери-техникалық ынтымақтастықты кеңейтпек16.09.2026, 10:59 10911Құрылтай жанынан Қоғамдық палата құрылады16.09.2026, 11:22 10136Қазақстан Кореяның Орталық Азиядағы ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі16.09.2026, 12:22 9951Депутат жүргізуші куәлігін алу емтихандарына кезектің тым ұзақ екенін мәлімдеді
11.09.2026, 19:08 72171Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі аппаратында жаңа кадрлық тағайындаулар болды11.09.2026, 13:16 68306Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды11.09.2026, 13:09 67886Қазақстанда адам саудасына қатысты 85 факті анықталып, 145 радикалды идея ұстанушы елден шығарылған11.09.2026, 15:18 67621Тоқаев көшпенділер ойындарында табысты өнер көрсеткен спортшыларды марапаттады11.09.2026, 14:38 66476Қазақстанда электр энергиясы тарифтерін есептеу тәртібі өзгертілді
03.09.2026, 17:22 83691Қалдықтарды өңдеу, төтенше жағдайлардан қорғау және жастар саясаты: жаңа министрлерге міндеттер жүктелді03.09.2026, 18:50 80466Тоқаев еліміздің СІМ жаңа басшысына негізгі міндеттерді айқындап берді11.09.2026, 19:08 72171Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі аппаратында жаңа кадрлық тағайындаулар болды04.09.2026, 20:49 71281Мадиев пен Binance негізін қалаушы Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуды талқылады11.09.2026, 13:16 68306Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

