07.09.2006, 17:01 4177

Чернобыль және жергілікті қақтығыстардың ардагерлері Одағы жалған атақ жамылып жүргендерді анықтау мақсатында тексеру жүргізбек

АЛМАТЫ. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today. Чернобыль және жергілікті соғыс-қақтығыстарға қатысушы ардагерлер Одағы өздерін Чернобыль АЭС болған апат салдарын жоюға қатыстық деп өтірік айтып жүргендерді анықтау үшін тексеру ұйымдастырмақ. Бұл жөнінде баспасөз мәслихатында Одақ президенті Рахым Ибдікәрімов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біздің қолымызда, "Чернобыль Одағы" республикалық ұйымының бұрынғы жетекшісі Болат Раздықовтың бірнеше мәрте Чернобыль апатына қатысқаны туралы куәлік жасатқаны жөнінде мәлімет бар",-деді бір чернобыльдықтың арызына сілтеме жасап Р.Ибдікәрімов. "Менде сол куәліктердің көшірмелері бар", деп мәлімдеді ол.

Р.Ибдікәрімовтың айтуынша, "әрқайсысын жіті тексеру қажет: қайда болды, қашан және куәлікті қалай алды"."Куәлікті сатып алғандар заңсыз болсада мүгедектікке берілетін өтемақы алып отыр", деп атап өтті Одақ президенті.

"Мен қорғаныс министрлігі мен халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне , барлық чернобыльшыларды тексеру қажеттігін айтып, өтініш жасадым" ,-дейді Чернобыль ардагерлері Одағының президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны