02.07.2012, 10:21 2763

Чили астанасы Сантьягодағы студенттердің жаппай наразылық шеруі полициямен қақтығыстарға ұласты

Жастар көшелерге шығып үкіметтен білім саласына мемлекеттік шығындар көлемін ұлғайтуды және осы салада реформалар жүргізуді талап етті.

Астана. 2-шілде. Kazakhstan Today - Чили астанасы Сантьягодағы студенттердің жаппай наразылық шеруі полициямен қақтығыстарға ұласты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жастар көшелерге шығып үкіметтен білім саласына мемлекеттік шығындар көлемін ұлғайтуды және осы салада реформалар жүргізуді талап етті.

Бейбіт шерудің ортасында бір топ бұзақы полицейлерге бөтелкелер мен тастар лақтырып, арты қақтығысқа ұласты. Шерушілерді тарату үшін тәртіп сақшылары көзден жас шығаратын газ бен су атқыштарды пайдаланды. Зардап шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ. Чилиде студенттердің шеруі соңғы бір жыл бойы толастар емес. Жастар қол жетімді және сапалы білім беруді талап етуде. Ал, Чили басшылығы жоғары оқу орындарында тегін оқытуды талап ету мүмкін емес деп санайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны