09.10.2018, 13:43 4903

"Цифрлық күз 2018" атты мәдени іс-шаралар маусымы 19 қазанда басталады

Франция өзініӊ стратегиялық серіктесі - Қазақстанды барынша қолдап өз білгенімен бөліседі және оныӊ саяси басымдылықтарын негізге ала отырып, ынтымақтасуға дайын. Франция - инновацияныӊ, жаӊашылдықтыӊ және жаӊарған мүмкіндіктер елініӊ символы.

Астана. 9 қазан. Kazakhstan Today - Орталық коммуникациялар қызметінде Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мырзаныӊ және Қазақстандағы Францияныӊ Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп МАРТИНЭ мырзаныӊ қатысуымен Франция Елшілігініӊ кезекті "Цифрлық күз 2018" атты мәдени іс-шаралар маусымыныӊ басталуына орай баспасөз мәслихаты өткізілді.

Іс-шараныӊ басты ұйымдастырушылары : Франция Республикасыныӊ Қазақстандағы Елшілігі, Қазақстан Республикасыныӊ Ақпарат және Коммуникациялар Министрлігі, Алматы әкімдігі мен Қазақстандағы Француз Альянстары.

Франция өзініӊ стратегиялық серіктесі - Қазақстанды барынша қолдап өз білгенімен бөліседі және оныӊ саяси басымдылықтарын негізге ала отырып, ынтымақтасуға дайын. Франция - инновацияныӊ, жаӊашылдықтыӊ және жаӊарған мүмкіндіктер елініӊ символы.

Бұл жылы мәдени шаралар маусымы өнертабысқа, кәсіпкерлік рухқа және болашаққа бағытталып отыр. Цифрландыруды барынша дамытуға бағытталған Қазақстанныӊ саяси ұстанымын ескере отырып, осы күзде Франция Елшілігі мен оныӊ серіктестері мәдени іс-шараларын виртуалды түрде жұрт назарына ұсынады. Жаӊа технологиялардыӊ барша адамға қолжетімді болғанын бірнеше іс-шаралар арқылы көрсетілу көзделуде.

"Цифрлық күз 2018" маусымы аясында цифрлық даму тақырыбында барлығы он шақты мәдени шара өткізу жоспарланып отыр. Бағдарлама аясында келетін француз әртістері Қазақстан студенттері мен әртістерімен шығармашылық мастер-класстар мен мамандандырылған оқу ордаларында кездесулер барысында жұмыс жасайтын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны