09.07.2018, 19:43 3241

"Цифрлық жаз - 2018" тағылымдама бағдарламасына 72 жас маман тағылымдамаға шақырылды

Үш аптаныӊ ішінде бұл бағдарлама үлкен сұранысқа ие болды. Өтінім бергендердіӊ саны 2100-ге жетіп, олардыӊ 500-і негізгі IT білімін тексеретін сынақтан сүрінбей өтті, соныӊ ішінде 72 жас маман тағылымдамаға шақырылды.

Астана. 9 шілде. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 9-шілдесі күні "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ мен қоржындық компаниялар басшыларыныӊ қатысуымен "Цифрлық жаз 2018" тағылымдама бағдарламасыныӊ салтанатты ашылуы өтті.

2018 жылдыӊ 6 маусымында жаӊа HR-тұжырымдамасына сәйкес "Самұрық-Қазына"ҰИҚ" АҚ мен қоржындық компаниялар бірлесіп, IT Ақпараттық технологиялар саласындағы жас мамандарды болашақта "Самұрық-Қазына"ҰИҚ" АҚ және Қор компаниялар тобында жұмысқа орналастыру мақсатымен "Цифрлық жаз - 2018" тағылымдама бағдарламасын іске қосты.

Үш аптаныӊ ішінде бұл бағдарлама үлкен сұранысқа ие болды. Өтінім бергендердіӊ саны 2100-ге жетіп, олардыӊ 500-і негізгі IT білімін тексеретін сынақтан сүрінбей өтті, соныӊ ішінде 72 жас маман тағылымдамаға шақырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны