04.07.2018, 14:44 3472

"Цифрлық жаз 2018" тағылымдама бағдарламасыныныӊ сұхбаттасу кезеӊі басталды

Өтінім 6-30 маусым аралығында қабылданды. Тағылымдаманыӊ өзі 9 шілдеден бастап 7 қыркүйекке дейін Астана, Алматы, Өскемен, Павлодар, Атырау қалаларында өткізіледі.

Астана. 4 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ мен Қордыӊ қоржындық компанияларында "Цифрлық жаз 2018" тағылымдама бағдарламасыныныӊ сұхбаттасу кезеӊі басталды. "Самұрық-Қазына" АҚ-ныӊ Адам ресурстарын басқару департаменті мен Ақпараттық технологиялар Департаменті мамандары жас IT- мамандарын бағдарлама бойынша әрі қарай оқытуға іріктеп жатыр.

Естеріӊізге сала кетейік, 2018 жылдыӊ 6 маусымында "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ мен Қоржындық компанияларында "Цифрлық жаз 2018" тағылымдама бағдарламасы басталды. Осы бағдарламаныӊ бірегей ерекшеліктерініӊ бірі - тағылымдамадан өтуші жастар бәсекелестігі жоғары IТ саласында құнды тәжірибе мен білім алады, SAP, Microsoft, Oracle, Cisco, HP, IBM, Huawei компанияларыныӊ өнімдерімен жұмыстарын шыӊдай алады.

Өтінім 6-30 маусым аралығында қабылданды. Тағылымдаманыӊ өзі 9 шілдеден бастап 7 қыркүйекке дейін Астана, Алматы, Өскемен, Павлодар, Атырау қалаларында өткізіледі.

Жоғарғы оқу орындарын 2016, 2017 және 2018 жылдары бітірген студенттер "Цифрлық жаз - 2018" бағдарламасына "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ ресми www.sk.kz сайтына кіріп, өтінім қалдырды. Ақпараттық технологияларға деген қызығушылық және Қор компанияларында ақпараттық технологияларыныӊ дамуына үлес қосу бағдарламаныӊ негізгі талабы болып саналады.

Тағылымдамаға қатысу үшін кәсіби тәжірибеніӊ болуы міндетті емес. Ақпараттық жүйелер мен инфрақұрылымды әкімшілендіру, жобалық басқару, бағдарламалау, қосымшалар архитектурасы, ақпараттық қауіпсіздік қағидалары саласында негізгі білім қажет. Бұл тағылымдама төленбейді. Қор тұру және көлік шығындарын өтемейді.

Екі айдыӊ ішінде бұл бағдарлама үлкен сұранысқа ие болды. Өтінім бергендердіӊ саны 2100-ге жетіп, олардыӊ 500-і негізгі IT білімін тексеретін сынақтан сүрінбей өтті, соныӊ ішінде 72 жас маман тағылымдамаға шақырылады.

Бағдарлама қорытындысы бойынша үздік танылған 33 жас маман келесі компаниялар тобында жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болмақ: "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, "Қазпошта" АҚ, "Самұрық-Энерго" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ, "Тау-Кен Самұрық" АҚ, "КОРЭМ" АҚ, "Qazaq Air" АҚ, "Энергоинформ" АҚ, "Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС және "Біріккен химиялық компания" ЖШС.

"Самұрық-Қазына" АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны