11.03.2012, 09:51 4183

Coca-Cola мен Pepsi қатерлі ісік ауруларының алдын алу мақсатында құрамын өзгертпек

Газдалған сусын өндіру саласындағы жетекші компаниялар Coca-Cola мен Pepsi-Co өздері шығаратын сусындардың құрамын өзгерту туралы шешім қабылдады.

Астана. 11-наурыз. Kazakhstan Today - Coca-Cola мен Pepsi қатерлі ісік ауруларының алдын алу мақсатында құрамын өзгертпек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Газдалған сусын өндіру саласындағы жетекші компаниялар Coca-Cola мен Pepsi-Co өздері шығаратын сусындардың құрамын өзгерту туралы шешім қабылдады.

Мұндағы мақсат - бөтелкелердің сыртындағы газды сусындардың қатерлі ісік ауруларына себеп болатыны туралы ескертуден құтылу болып отыр. Соңғы кезде Coca-Cola мен Pepsi сусындарының құрамындағы 4-ші метилимидазол деп аталатын химиялық зат қатерлі ісікке себеп болады деген пікір айтылып жүр. АҚШ-тың Калифорния штатында бұл затты қолдануға тыйым салынған. 4-ші метилимидазол карамелді бояғыш заттың құрамында болатын көрінеді. Ал ондай бояғыш сусын жасауға пайдаланылады.

Енді компаниялар бояғышты өндіретін әріптестерін аталған зат мөлшерін біршама азайтуды сұрап отыр. Coca-Cola компаниясы болса сусындардағы 4-ші метилимидазол мөлшері денсаулыққа қауіпті емес деген мәлімдеме таратуда. Ол үшін ғылыми зерттеулер жүргізіліп, аталған заттың қатерлі ісікке қаншалықты себеп болатыны тексерілгені айтылады. АҚШ-тың сусындар өндіру жөніндегі қауымдастығы сусынның адам денсаулығына теріс әсері әлі дәлелденген жоқ деген уәж айтуда. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек қауіпсіздігі жөніндегі Департаменті мамандарының айтуынша, адамда қатерлі ісік пайда болуы үшін кока-кола немесе пепси-коланың 1 мың құтысын ішу керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны