Система Orphus

Қарағанды облысында COVID-19 ауыргандар емделген госпитальдердің көпшілігі жұмысын тоқтатты

14.08.2020 6238
Қарағанды облысында COVID-19 ауыргандар емделген госпитальдердің көпшілігі жұмысын тоқтатты

Қарағанды. 14 тамыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақтандырылды. COVID-19 ауырғандарға арналған емдеу мекемелеріндегі төсек-орындардың толымдылығы 16%-ға дейін азайды. Енді барлық күштер күзде күтілетін ықтимал екінші толқынға дайындыққа бағытталады.

Zoom платформасында онлайн өткен кезектен тыс XLІ-сессияда облыстық мәслихат депутаттары бюджеттегі өзгерістерді бекітті. Негізгі шығындар денсаулық саласын нығайтуға бағытталды. Ауруханалар мен емханалар үшін жаңа медициналық жабдықтар сатып алуға қаражаттар бөлінді.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады.

- Бүгінде төсек - орындардың толымдылығы 16%-ға дейін азайды – бұл жалпы республика бойынша қарағанда 10%-ға аз. Жан сақтау төсек-орындары 14,7%-ға толды, - деп мәлімдеді, өңір басшысы. - Коронавируспен ауырғандар емделген медицина мекемелерінің көпшілігі жұмысын тоқтатты. Әзірге жетеуі жұмыс істеуін жалғастыруда. Осылардың есебінен біз дәрігерлердің көп бөлігін босаттық, олар барлық ауру түрлері бойынша жоспарлы госпитализациялауға оралды.

Жеңіс Қасымбек ірі компаниялар мен кәсіпорындарға денсаулық саласына көмектескені үшін алғысын білдірді. Өкімет пен меценаттар ауруханаларды жерлестеріміздің өмірін сақтау үшін барлық қажеттілермен қамтамасыз етуге қолдарынан келгенін бірлесіп жасады, деп атап өтті.

Облыста бүгінде 192 ӨЖЖ-аппараты, 1 500 оттегі концентраттары, 17 компьютерлік томография кабинеттері бар. Қазан соңына дейін тағы 500 оттегі концентраторлары, 1 500 пульсоксиметр жеткізіледі, республикалық бюджет есебінен 151 ӨЖЖ-аппараты сатып алынады. Облыс қалаларында бес КТ кабинеттерін қосымша жабдықтау жоспарлануда. Сонымен бірге 40 цифрлық рентген-аппараттары сатып алынады.

Өңірде қажетті емдік дәрілердің бір жарым айлық қоры бар, деп толықтырды, облыс әкімі. "Сарыарқа" ӘКК базасында дәрілердің тұрақтандырушылық қоры құрылды.

- ПТР-зертханаларының желісін ұлғайтамыз. Бүгінде облыс халқының шамамен 14%-ы тесттен өткен. Қолдағы қуаттар тәулігіне 4 500 тестке дейін жасауға мүмкіндік береді, - деп атап өтті, Жеңіс Қасымбек. - Жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақтандырылды. Біз ықтимал екінші толқынға белсенлі дайындалудамыз.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны