21.01.2021, 16:58 8870

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 вакцинасын алғаннан кейін ер адамның өлімін жоққа шығарды

Нұр-Сұлтан. 21 қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев әлеуметтік желілерде коронавирусқа қарсы вакцина алғаннан кейін ер адамның өлімі туралы таратылған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
 
Байтанаевтың айтуынша, Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Батыр ауылының 42 жастағы тұрғыны жоғары қан қысымынан қайтыс болып, вакцинациядан өтпеген.
 

Маңғыстау облысына коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина әлі әкелінген жоқ", - деп атап өтті ол.

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда халықты коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау 1 ақпанда басталады. Бірінші кезекте инфекциялық ауруханалардың, жедел медициналық жәрдемнің, реанимация және қарқынды терапия бөлімінің, медициналық-санитариялық алғашқы көмектің, ауруханалардың қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет қызметкерлері вакцинациямен қамтылады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны