03.08.2020, 17:45 4745

COVID-19 диагнозы расталған тұлғаның карантиндік стационарда болуы бюджет есебінен төленеді

Алматыда 3 тамыздан бастап COVID-19-бен күрес аясында қосымша шектеу шаралары енгізіледі

Алматы. 3 тамыз. Kazakhstan Today - Қала тұрғындарына қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін біздің тарапымыздан қатаң шаралар қабылданған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы - Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

2020 жылдың 3 тамызы сағат 00:00-ден бастап COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі қосымша шектеу шаралары енгізіледі. Жекелей алғанда, COVID-19 диагнозы расталғандар және ПТР нәтижесі оң көрсеткен азаматтар үйде оқшаулану талаптарын орындаулары міндетті.

Қаланың Бас мемлекеттік санитар дәрігері айтуынша, бүгінде өкінішке қарай азаматтар тарапынан үй карантині ережесін бұзу анықталған, үйден шығып кететіндер көп. Қосымша шаралар коронавирус инфекциясының таралуын ескертуге бағытталған.

"Ауру белгілері жоқ оны таратушы барлық кезде ерекше қауіп төндіреді. Гепатит А жұқтырғандардың өзі 20 адамға дейін жұқтыратыны есімізде. Көбі біз көріп отырғанымыздай, бұл талапты бұзады. Бұл көршілердің жұқтыруына және инфекцияның одан ары тарауына әкелеуі мүмкін. Сол себепті біз вирустың одан ары таралуын жоюда арнайы шаралар қабылдадық", - деп хабарлады Ж.Бекшин.

Сонымен бірге, ол аталған талаптарды орындамағаны және бұзғаны үшін азаматтарды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылғанын атап өтті.

"Қала тұрғындарына қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін біздің тарапымыздан қатаң шаралар қабылданды, бұл шаралар шын мәнінде үй карантиніндегілерге және ПТР нәтижесі оң шыққан ауру белгілері жоқ адамдарға олардың қайта жұқтыруын тоқтатуға бағытталған", - деп толықтырды ол.

Оқшаулану және басқа адамдардың жұқтырмауы үшін шараларды қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда тұрғындарға Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының +7 (727) 300-05-05, +7 (727) 300-01-03 жедел телефон нөмірлеріне хабарласу қажет және көрсетілген мекен-жай бойынша өз еркімен карантиндік стационарға жатуы керек.

Алматыда бүгінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 11 862 жағдайы тіркелді. Олардың ішінде 7 411 жағдай симптомды, 4 461 жағдай симптомсыз.

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері атап өткендей, мониторингтік жұмыстар барысында үйдегі карантин режимін бұзу бойынша 23 оқиға анықталды.

COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында үйде оқшаулану талаптарын міндетті орындау бойынша шаралар қабылданды.

Барлық азаматтарға шектеу шараларын міндетті орындауға туралы қолхат табысталады.

Сонымен бірге, COVID-19 диагнозы расталған тұлғаларға тұратын орны бойынша "үй карантинін" сақтау үшін жағдай болмаса, отбасы мүшелеріне, аяғы ауыр әйелге, жасы 60 -тан асқан адамға, созылмалы аурулармен диспансерлік есепте тұрған науқастарға жұғу қаупі болса, тасымалдау үшін жедел жәрдем станциясының арнайы көлігін шақырту арқылы өз еркімен карантиндік стационарға оқшаулауға жолдама беруі мүмкін.

COVID-19 диагнозы расталған азаматтар мыналарға құқылы:

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында білікті медициналық көмек алуға;

еңбекке жарамсыздық парағын ашуға;

ақпарат алуға (ықтимал қауіптер мен артықшылықтар туралы мәліметтер, емдеудің ұсынылған және балама әдістері, емдеуден бас тартудың ықтимал салдары туралы ақпарат, науқастың қол жетімді түрінде диагноз, болжам және емдеу жоспары туралы ақпарат, сондай-ақ оның үйге шығарылуының немесе басқа медициналық ұйымға ауыстырылу себептерінің түсіндірмесі) және өзінің денсаулығы туралы тәуелсіз пікір кеңес алу және консилиум өткізуге;

медициналық қызметкердің құпиясын құрайтын ақпаратты қорғауға;

маман дәрігерлерден кеңес алуға;

оқшаулану және басқа адамдарға жұқтырудың таралуын болдырмау үшін шаралар қабылдау мүмкін болмаса, Алматы қ. Қоғамдық денсаулық департаментінің +7 (727) 300-05-05, +7 (727) 300-01-03 сенім телефонына хабарласуға және өз еркімен карантиндік стационарға жатуға;

COVID-19 расталған азаматтардың карантиндік стационарда болуы бюджет есебінен төленеді;

карантин талаптарын бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке, ал басқа адамдар жұқтырған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын білуге;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды білуге.

COVID-19 диагнозы расталған адамдар міндетті:

карантиндік, санитариялық және эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық талаптарды сақтауға;

жұқтыруды болдырмау мақсатында карантинге жатқызылған кезеңде басқа адамдармен байланысқа жол бермеуге;

медициналық мамандардың келісімінсіз үйден шықпауға;

шектеу шараларының сақталуы туралы шарттарды міндетті түрде орындау жайлы қолхатты қол қойып алуға;

жақын адамдар арасынан байланыстағы адамдардың шеңберін анықтау үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге;

медициналық қызметкерлерге өз денсаулықтарының өзгеруі туралы дереу хабарлауға (карантин кезеңіндегі 14 күнде);

өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының заң талаптарын немесе шешімдерін орындауға;

*

Үй карантинін сақтау жағдайларын жүзеге асыру үшін келесі шаралар қарастырылған:

- карантинді мекемелердің қызметкерлерін жеке қорғаныс құралдарымен оларды пайдалану талаптарын сақтай отырып, жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету ;

- COVID-19 диагнозы расталған адамдардың жағдайы мен ауру формасын бағалау үшін онлайн-консультация өткізу;

- COVID-19 диагнозы расталған тұлғаларға, сонымен бірге 14 күн бойы үй карантинінде жатқан азаматтарға амбулаторлық жағдайда медициналық бақылау;

- "үй карантині" режиміндегі COVID-19 диагнозы расталған тұлғаларға COVID-19 -дың клиникалық белгілерінің бар-жоқтығын анықтау үшін, сонымен бірге, үй карантинінің сақталуына күнделікті қоңырау шалу. Клиникалық симптоимдары болмаған жағдайда 14 күн ішінде карантин аяқталады;

"үй карантині" режимін бұзу фактілері анықталған жағдайда тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті және Полиция департаментін ақпараттандыру ақрылы карантинді стационарға оқшаулауға жодама беру;

- COVID-19 диагнозы расталған азаматтарға профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды сақтау қажеттігі туралы ұсыныстар беру, сонымен бірге, "үй карантиніндегі" азаматтардың үйден шығуын келісу механизмін анықтау;

- медициналық қызметкерді құпиясы болып табылатын мәліметтердің қорғау;

- тұрғылықты жері бойынша "үй карантині" режимін сақтау үшін жағдайлар болмаған кезде COVID-19 диагнозымен расталған адамдарды, отбасы мүшелерінің қайта жұқтыру қаупі бар; жүкті әйелдердің; 60 жастан асқан адамдардың; созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрған адамдардың; жедел медициналық жәрдем станциясының арнайы машинасын оларды тасымалдау үшін шақыру арқылы карантиндік стационарға ерікті түрде оқшаулауға жіберуді.

"Үй карантині" режимінің талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының 2014 жылдың 5 шілдесіндегі "Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы" Кодексінің 425-бабының 1-тармағына, 452-бабының 3- тармағына сәйкес, карантиндік стационарға оқшауландыруға жолдамамен әкімшілік жауапкершілік тағайындалған. Қылмыстық жауапкершілік Қазақстан Республикасының 2014 жылдың 3 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 304-бабына сәйкес, абайсыздықтан адамдардың жаппай ауыруы мен жаппай жұқтыруына әкелген санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны