11.02.2013, 17:38 10919

Д. Есімов ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау комитетінің төрағасы болды

Есімов Дәулетхан Серғазыұлы 1963 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын және Қарағанды Қазақ тұтынушылар одағы экономикалық университетін тәмамдаған.

Астана. 11-ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 6 ақпандағы №18 бұйрығымен Есімов Дәулетхан Серғазыұлы ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Есімов Дәулетхан Серғазыұлы 1963 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын және Қарағанды Қазақ тұтынушылар одағы экономикалық университетін тәмамдаған.

1985-1994 жылдар аралығында Арқалық қаласында түрлі дәрігерлік қызметтер атқарды. 1995-1996 жылдары Астана медициналық университетінің хирургиялық аурулар кафедрасының ассистенті болып жұмыс істеді. 1997 жылдан міндетті медициналық сақтандыру қорының Ақмола облыстық бөлімінде түрлі қызметтер атқарды. 1997 жылдан 2000 жылға дейін Ақмола облыстық Медициналық қызметтерге ақы төлеу орталығында істеді.

2000-2001 жылдары Ұлттық ғылыми медициналық орталығында бөлім меңгерушісі. 2001-2003 жылдары жеке медициналық ұйымда жұмыс істеді. 2003-2005 жылдар аралығында ҚР ДСМ "Денсаулық" РМҚК Астана қаласы бойынша бөлімінде қызмет атқарды.

2005 жылдан бастап ҚР ДСМ Медициналық қызметтер көрсету саласында қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша бөлім бастығы, директордың орынбасары, директоры. Кейін аталған Комитеттің басқарма бастығы болды.

2009 жылдан ҚР ДСМ Медициналық қызметтер көрсету саласында қадағалау комитеті төрағасының орынбасары, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау комитеті болып құрылған соң төраға орынбасары болды.

2009-2011 жылдары Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы.

2011-2013 жылдары ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны