03.06.2016, 13:12 4490

Д.Назарбаева: Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтердіӊ 70%-ын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ала алады

Жақында құрылған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясыныӊ ағымдағы қызметі мен перспективалық міндеттері бүгін ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Дариға Назарбаеваныӊ төрағалығымен өткен ұйымныӊ кеӊейтілген отырысыныӊ барысында талқыланды

Астана. 3 маусым. Kazakhstan Today - Жақында құрылған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясыныӊ ағымдағы қызметі мен перспективалық міндеттері бүгін ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Дариға Назарбаеваныӊ төрағалығымен өткен ұйымныӊ кеӊейтілген отырысыныӊ барысында талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Енді азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтіӊ 70%-ын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ала алады. Сапа, жайлылық, азаматтар үшін барынша жеӊілдету - бұл мемлекеттік корпорация дамуыныӊ негізгі басым бағыттары болуы тиіс", - деп мәлімдеді вице-премьер отырыс барысында, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Сонымен қатар, ол "қызметтерді көрсетуде ашықтық, әкімшілік кедергілерді қысқарту бастамалары мемлекеттіӊ қоғамға есептілік мәтінінде іске асырылуы тиіс, керісінше емес" деп баса айтты.

Отырыс барысында бірыӊғай құрылымға 20 мыӊнан астам қызметкерді қосқан "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына кірген төрт РМК "ХҚКО", "ЗТМО", "ЖерҒӨО" және "ЖМО" қайта ұйымдастырудыӊ сәтті өткендігі талқыланды. Қайта ұйымдастырудыӊ күрделілігіне қарамастан, мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмыстыӊ нашарлауына жол берілмегені, ал құрылымдық бөлімшелердіӊ жұмысы бір күнге де тоқтамағаны атап өтілді.

Отырыста сонымен бірге Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Қазақстан Республикасы Парламентініӊ депутаттары, мемлекеттік органдардыӊ жауапты қызметкерлері, сондай-ақ мемлекеттік корпорацияныӊ қызметкерлері қатысты.

Сонымен бірге, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мәлімдегендей жаӊа құрылымда халыққа "бір терезе" қағидаты бойынша көрсетілетін 530 мемлекеттік қызмет біріктірілген.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия жақында Мемлекеттік корпорацияға беру үшін жаӊа 53 қызметті айқындады. Осылайша, жақын арада азаматтар "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясыныӊ фронт-офистері арқылы 583 қызметті ала алады. Фронт-офистердіӊ ауқымды желісі, олар еліміз бойынша 479 күнделікті мыӊдаған азаматқа қызмет көрсетеді. Халықпен өзара іс-қимыл механизмдері пысықталған. Барлық фронт-офистердіӊ жұмысы бірыӊғай кестеге өткізілді - ЗТМО көптеген бөлімшелері 9.00-ден бастап 20.00-ге дейінгі ХҚКО-ныӊ жұмыс кестесіне көшті", - деп мәлімдеді мемлекеттік корпорацияда.

ЗТМО 143 фронт-офистері кедергісіз қызмет көрсетуге өткізілді, қалған 78-ін кедергісіз қызмет көрсетуге өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекеттік корпорация жоспарында мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жетілдіру, озық технологиялар мен шешімдерді пайдалану, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде әкімшілік кедергілерді азайту, "бір терезе" қағидатынан "бір өтініш" қағидатына өту.

2016 жылғы 11 сәуірден жұмыс істеген сәттен бастап азаматтарға үздік әлемдік ұқсас жайлылық деӊгейінде барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге талпынып құрылған мемлекеттік корпорация мемлекеттік көрсетілетін қызметтіӊ бірыӊғай провайдері ретінде жұмыс істейді.

Илеуметтік маӊызды қызметтердіӊ көп бөлігін азаматтар мемлекеттік корпорацияда "бір терезе" қағидаты бойынша алады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша "100 нақты қадам - Ұлт жоспарын" іске асыру аясында құрылды. Ұйым өз құрылымында 4 РМК-ні біріктірді - "Халыққа қызмет көрсету орталығы", "Жер кадастрыныӊ ғылыми-өндірістік орталығы", "Жылжымайтын мүлік орталығы" және "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны