01.04.2016, 19:18 5039

Д.Назарбаева оқу жылын шілде айына дейін ұзарту туралы айтты

Бүгін ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Дариға Назарбаева мамандандырылған нөмірі 81-ші "Astana Еnglish School" гимназиясына барғанында оқу жылын шілде айына дейін ұзарту туралы айтты

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Дариға Назарбаева мамандандырылған нөмірі 81-ші "Astana Еnglish School" гимназиясына барғанында оқу жылын шілде айына дейін ұзарту туралы айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"ҚР ІІМ-ӊ жағымсыз статистикасыныӊ басым бөлігі жазғы демалыс кезінде балалардыӊ қатысуымен болатын қылмысқа қатысты болып отыр. Бұл үш ай балалар өздері еркімен жүретін уақыт. Өкінішке қарай әзірге балалар уақытын өткізетін лагерлер мен спорттық клубтар жақсы дамымай отыр. Осы бағытта жұмысты жандандыруымыз қажет. Сонымен қатар, бір жылдыӊ ішінде оқушы мен мұғалімге салмақ болатын оқу жүктемесін төмендету керек. Көктемгі және күзгі демалыстарды да аздап ұзарту мәселесін ойлану керек шығар. Биылғы жылдыӊ қыркүйек айынан бастап, бірінші сыныпқа баратын оқушылар аптасына 5 күн ғана оқитын болады. Бірақ, оқу жылы бірінші маусымға дейін ұзартылады. Келесі жылы бес күндік оқу аптасы екінші, бесінші, жетінші және тоғызыншы сыныптарға енгізілетін болады",-деді Д.Назарбаева, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, Еуропада оқу жылы 5-ші шілдеге дейін созылады. Болашақта Қазақстанда оқу жылын жаздыӊ ортасына дейін ұзарту жоспарда бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны