03.08.2019, 00:54 123236

Дүниежүзілік баланы емізу апталығына орай ЮНИСЕФ емшек сүтімен емізу үшін отбасыларға жағдай жасайтын тәжірибелерді енгізуге шақырады

Ерте емізудің болмауы тыныс алу органдарының аурулары, гипотермия, диарея және жұқпалы аурулардың пайда болуының себебі болып табылады.

Нұр-Сұлтан. 3 тамыз. Kazakhstan Today - Емшек сүтімен емізудің артықшықтары кеңінен таралған: нәрестелердің миының дұрыс дамуынан, инфекциялардан қорғауынан, семіздік пен балалар ауруының қаупін азайтудан бастап, сондай-ақ медициналық көмектіңқұнын төмендету мен аналарды аналық без бен сүт безінің қатерлі ісігіненқорғауға дейін. Дегенмен, ақылы декреттік демалыс және емізуді ескеретін үзілістер сияқты баланы емізуге қолдау көрсететін саясаттар әлемдегі көптеген елдердегі аналарға әлі де қолжетімсіз.

"Ана мен бала үшін емшек сүтімен емізудің медициналық, әлеуметтік және экономикалық пайдасыжайлы бүкіл әлемтанып біледі. Алайда әлемдегі балалардың шамамен 60% -ы ұсынылатын алты айлық тек емшек сүтімен емізуді ала алмауда", - деді ЮНИСЕФ-тіңАтқарушы Директоры Генриетта Фор. "Омыраумен емізудің артықшылықтарына қарамастан, әлемдегі жұмыс орындары аналарды қажетті қолдаудан айырып отыр. "Біз бүкіл әлемде баланы емізудің көрсеткіштерін жақсарту үшін ақылы декреттік демалысты және барлық жұмыс орындарында аналарғаемізуге жағдай жасауды қаржаландыруымыз қажет".

2006 жылдан бастап, Қазақстанда 6 айға дейін балалардытек емшек сүтімен емізудің көрсеткіштері 16,8% -дан 2015 жылы 37,8% -ға дейін өсті. Қазақстанда 6 айға дейінгі сәбилерді емшек сүтімен емізу ауылдық жерлерге қарағанда қалалық жерлерде кеңінен таралған (сәйкесінше 34,4% және 29,2%). Ерте емізудің болмауы тыныс алу органдарының аурулары, гипотермия, диарея және жұқпалы аурулардың пайда болуының себебі болып табылады.

"Емшек сүті - бұл нәрестенің дұрыс өсуінің негізі, ал Қазақстанда балалардың жартысынан кемі тек емшек сүтімен қоректенуде. 1997 жылдан бастап Қазақстанда емшек сүтімен емізуді қорғау, ынталандыру және қолдауға бағытталған мемлекеттік саясат жүргізілген,оны одан әрі жалғастыру қажет. Бала емізетін аналарға қолдауды тек отбасы мен жақындарынан ғана емес, сонымен қатар жұмыс берушілер мен қоғамнан да демеу керек - оларға емізу үшін уақыт, кеңістік және қолайлы жағдайлар жасалу қажет", - деді Қанат Суханбердиев, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы денсаулық сақтау бағдарламасының үйлестірушісі.

Статистика:

o Әлемдегі 10 баланың 4-еуі ғана тек емшек сүтімен емізіледі: ұсынымдарға сай 2018 жылы өмірінің алғашқы алты айында балалардың тек 41% -ы ғана омыраумен емізілген. Салыстыру үшін бұл көрсеткіштердің жартысынан көбі - төмен дамыған елдерде - 50,8% құрады. Ең жоғары көрсеткіштер Руанда (86,9%), Бурунди (82,3%), Шри-Ланка (82%), Соломон аралдары (76,2%) және Вануатуда (72,6%) болды. Зерттеулер сонымен бірге ауылдық жерлердегі сәбилердің емшек сүтімен қоректену көрсеткіші қалалық балалармен салыстырғанда анағұрлым жоғары.

o Табыс деңгейі орташа деңгейден жоғары елдерде емшек сүтімен емізу ең төмен деңгейде: табыс деңгейі орташа деңгейден жоғары елдерде емшек сүтімен емізу деңгейі ең төмен - 2012 жылы 28,7% -бен салыстырғанда 23,9%.

o Жұмыс уақытында емізу: емшек сүтімен емізу немесе емшек сүтін сүзуге бейімделу үшін жұмыс уақытында лактацияға арналған тұрақтыүзілістер, сондай-ақ емізуге арналған жағдайлар аналарға алты ай бойы баланы тек емшек сүтімен емізуді жалғастыруға мүмкіндік береді.

o Жұмыс істейтін әйелдер емшекпен емізуді жалғастыру үшін жеткілікті қолдауды ала алмауда: әлемде нәрестесі бар әйелдердің тек 40% -ы ғана жұмыс орындарында емізу үшін қажетті ең қарапайым жағдайға ие. Бұл әсіресе Африка елдерінде жиі кездеседі, онда жаңа туған нәрестелері бар әйелдердің тек 15% ғана емізуді жалғастыруға мүмкіндігі бар.

o Өте аз елдер ақылы декреттік демалысты ұсынады: Халықаралық Еңбек Ұйымының (ХЕҰ) 2000 жылғы аналықты қорғау Конвенциясының (№ 183) стандарттары ақылы декреттік демалыстың кем дегенде 14 аптасын қамтиды, және елдерге жұмыс орнын сақтаумен бірге кемінде 18 апта беру ұсынылады. Бұл отбасыларға емізуді жалғастыруға мүмкіндік береді. Дегенмен, әлемдегі елдердің тек 12% -ы ғана құрсақ көтергенде және бала туғанда тиісті демалыс алады. ЮНИСЕФ-тің отбасылық саясат туралы жаңа бағдарламалық құжатында ата-аналарға алты айдан кем емес ақылы демалыс ұсынылады, олардың ішінде аналарға 18 апта ақылы еңбек демалысы берілуі керек. Үкімет пен кәсіпорындар 9 айдан кем емес ақылы демалысты беруге ұмтылуы қажет.

o Ұзағырақ декреттік демалыс емшек сүтімен емізудің мүмкіндігін арттырады. Соңғы зерттеуге сәйкес, алты айлық және одан да көп декреттік демалысы бар әйелдер, ең болмағанда, алғашқы алты айда емшек емізуді жалғастыруға 30% артық мүмкіншілігі бар.

o Емшекпен емізу балалар мен аналардың да өмірі үшін маңызды: емшек сүтімен тамақтандыру бес жасқа толмаған балалардың арасындағы жыл сайын 823,000 өлімнен және сүт безінің қатерлі ісігінен жыл сайын20 000 аналардыөлімнен сақтапқала алады.

o Өмірінің алғашқы сағатында барлық балалар емшек сүтін алмайды: 2018 жылы әлемдегі балалардың жартысынан азы - 43% - өмірінің алғашқы сағатында емшек сүтімен емізілген. Ананыңнәрестені туылған сәтте бірден құшағына алуы, оны жылытады, иммундық жүйесін нығайтады, ана мен бала арасындағы сүйіспеншіліктің пайда болуына ықпал етеді, ананың сүтін көбейтеді және оның баланы тек емшек сүтімен тамақтандыруды жалғастыруына мүмкіндіктерді арттырады. Емшек сүті - бұл балаларға арналған тамақ қана емес, сонымен қатар әр баланың қажеттіліктерін ескере отырып жасалған ауруларды алдын-алуға арналған күшті дәрі. "Алғашқы сүт" - немесе ақ уыз - балаларды ауру мен өлімнен қорғайтын қарсы денелерге бай.

o Емшек сүтімен қоректендірудің инвестициялық дәлелдемесі: егер емшекпен емізудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізілсе, дүниежүзілік денсаулық сақтау шығындары 300 миллиард долларға қысқарады.

Дүниежүзілік баланы емізу апталығы туралы

Дүниежүзілік бала емізу апталығы жыл сайын тамыздың 1-і мен 7-сі аралығында әлемдегі балалар үшін емшек сүтімен емізудің маңыздылығы жайлы атап өту үшін өткізіледі. Емшекпен емізу балалардың өміріндегі ең сау бастама болып табылады және барлық балалардың өмір сүруі мен өркендеуін қамтамасыз етудің қарапайым, ақылды және экономикалық тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Бұл ақпараттық бюллетень Дүниежүзілік баланы емізу апталығына арналған. Онда емшек сүтімен емізу индикаторларының 2019 жылғы жаһандық картасының жаңа мәліметтері, сонымен қатар отбасылық саясаттыңқамтылуы, қол жетімділігі жөнінде, сонымен қатар емшек сүтімен емдеудің медициналық және экономикалық пайдасы туралы ең соңғы мәліметтер бар.

ЮНИСЕФ туралы:

ЮНИСЕФ ең мұқтаж балаларды қамту үшін бірқатар елдерде және аумақтарда аса қиын жағдайларда жұмыс жасайды. Біз қызметімізді 190 елде және аумақта әлемді баршаға жақсырақ етуге тырыса отырып, бүкіл әлемдегі әр баланың игілігіне жүзеге асырамыз. ЮНИСЕФ және оның қызметі туралы қосымша ақпаратпен сайттан танысып шығуға болады: www.unicef.org.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны