07.07.2020, 23:13 5874

Дәрі-дәрмектерді заңсыз сату фактілері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында анықталған

Дәрі-дәрмектерді заңсыз сату фактілері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында анықталған

Алматы. 7 шілде. Kazakhstan Today - Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы COVID-19- қарсы күрес бойынша қазіргі жағдайды баяндады.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен оның орынбасары Ажар Ғиният COVID-19 қарсы күреске қатысты негізгі жағдайды жеткізді.

Денсаулық сақтау министрі дәріханалардағы дәрі тапшылығын шешуге бағытталған шараларды егжей-тегжейлі түсіндірді."Дәрілік заттар қоймалардан жеңілдетілген тәртіппен көтерме сауда компанияларына, кейін дәріханаларға түседі. Кедергілерді жойдық. Жақында нарықта дәрі-дәрмек жеткілікті болады", - деді министр.

Министрлік дәрілік заттардың бағасына мониторинг жүргізеді. Әр өңірде әкімдік жанынан арнайы топтар құрылған, олар дәрілердің белгіленген шекті бағамен сатылуын қадағалайды.

"Сонымен қатар, бізге қазір құқық қорғау органдары қатты көмектесуде, ІІМ Қазақстанның барлық өңірлерінде ауқымды тексеріс жүргізуде. Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде дәрі-дәрмек, маска және басқа да тауарлардың бағасына аса назар аударылды", - деді Алексей Цой.

Дәрі-дәрмектерді заңсыз сату фактілері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында анықталған. 6 шілде күні полицияға 46 адам жеткізілді, олардан 20 884 дәрілік зат тәркіленді.

Ведомство басшысы өз сөзінде пандемиямен күрестегі дәрігерлердің рөлі мен олардың құқықтарын қорғауға да ерекше назар аударды.

"Әрбір әріптесіміз ерекше назарда. Біздің кадрларға қазір сұраныс жоғары. Жекелеген өңірлерде медицина қызметкерлері қудалауға ұшырауда. Кез келген жағдай заң бойынша нақты реттеледі", - деді министр.

Ол Денсаулық сақтау министрлігіне де кез келген уақытта жүгіну мүмкіндік бар екенін айтты.

"Бұл мәселе ерекше бақылауда. Медициналық қызметкерлерді біз қорғаймыз және барлығы заң жүзінде болады", - деп сендірді ведомство басшысы.

Өңірлердегі жағдайды тұрақты бақылау үшін Денсаулық сақтау министрлігінде онлайн-тексеру форматы енгізілді: медициналық ұйым қызметкерлерінің біріне бейне қоңырау шалынады және сол арқылы дәліз, палата, қоймаларды аралайды. Жақында бұл әдіс Атыраудың үш медициналық ұйымда сынақтан өтті.

"Бұл уақыт пен ресурсты үнемдейді, біз жергілікті жерлердегі нақты жағдайды, проблемалық мәселелерді көріп отырмыз. Ешкім ештеңені жасырып отырған жоқ. Тек жақсы жағын көрсетуге тырысатын әріптестер бар, бірақ, нақты фактілермен, сұрақтар арқылы реанимациядағы, дәрі-дәрмек қоймаларындағы шынайы жағдайды байқауға болады", - деді Денсаулық сақтау министрі.

Брифинг барысында қазір COVID-19 анықталған пациенттер үшін 14,9 мың инфекциялық төсек дайындалғандығы, бір апта ішінде қосымша 2,3 мың инфекциялық орын ашылатыны, олардың 62% бос емес екені, Атырау облысындағы инфекциялық төсек тапшылығы (95%) айтылды.

Сонымен қатар, COVID-19 күдікті пациенттер үшін 26,2 мың провизорлық төсек әзірленеді, бір апта ішінде қосымша 11 мың провизорлық төсек болады. Осы орынның 84% бос емес, Нұр-Сұлтан қаласында (125%), Қарағанды облысында (105%), Маңғыстау облысында (98%), Түркістан облысында (98%), Қызылорда облысында (97%) үлкен тапшылық бар.

Қазақстанда COVID-19 жұқтырған 49 683 науқас тіркелген, оның ішінде 25 481 адамда симптомдар бар, симптомсыз - 24 202 пациент, тәулігіне өсім үлесі 2,3% немесе 1109 оқиғаны құрады.

COVID-19 жұқтырғандардың үштен екісі (63,9%) емделіп, күнделікті өмірге оралды, 36,1% пациент емді жалғастырады немесе бақылауда болады.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният 36,1 пайызды 17,6 мың пациент құрайтынын айтты, оның ішінде емханаларда 8,3 мың пациент немесе симптомсыз және жағдайы жеңіл емделушілердің 47,5% пайызы бақылауда және емделуде. Инфекциялық стационарларда пневмонияның дамуына байланысты 9,2 мың пациент ем алады. Соңғы тәулікте 619 пациент стационарлардан шығып, амбулаториялық деңгейде емделуде.

"Жедел жәрдем шақыруларының динамикасы төмендемей отыр, тәулік ішінде COVID-19 күдікті 4 мың шақыруға қызмет көрсетіледі, инфекциялық және провизорлық стационарлардың төсек қорын кеңейтудің арқасында пациенттердің үштен бірі стационарға жатқызылды. Емхана деңгейінде 308 мобильді бригада жұмыс істей бастады, ал Қызылорда облысында әкімдік мобильді бригадалардың қажеттілігі үшін 50 көлік бөлді, бұл жедел жәрдемнің жүктемесін төмендетуге мүмкіндік берді", - деп атап өтті вице-министр.

Жақын арада Қазақстан бойынша тағы 4000 жуық бригада жұмысқа кіріседі.

"Әр өңірде кезең-кезеңімен мобильді бригаданың саны көбейіп келе жатқанын көріп отырмыз. Менің ойымша, қысқа мерзімде біз бұл қолжетімділікті тағы арттырамыз. Медицина қызметкерлері үйге келіп, кеңес беріп, тест жасай алады", - деді Алексей Цой.

Ол мобильді бригадалар алатын ПТР-тестке пациенттер ақы төлемейтінін еске салды. Медициналық ұйымдарға анализ алғаны үшін ақша міндетті медициналық сақтандыру қорынан аударылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны